Басып шығару нұсқасы
13.12.2018, 16:13

«Қазақстан – Ұлы дала мұрагері» атты дөңгелек үстел өтеді

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі 2018 жылғы 13-желтоқсан күні сағат 11.00-де Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Қазақстан – Ұлы дала мұрагері» атты дөңгелек үстел өткізеді, деп хабарлайды silteme.kz.

Оған Есенғали Раушан, Хангелді Әбжанов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Талас Омарбеков, Гүлбахрам Жүніс, Шара Ергебаева және тағы басқа қайраткерлер  қатысады.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында жазылған тарих толқынындағы орнымызды анықтау, Қазақстанның әлемдік тарихтағы рөлін жастарға түсіндіру.

Қала тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз.

Ұқсас сілтемелер