Басып шығару нұсқасы
13.12.2018, 16:08

«Азат рухтың алдаспандары» атты патриоттық ән кеші өтеді

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі 2018 жылғы 13-желтоқсан күні сағат 15.00-де Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Азат рухтың алдаспандары» атты патриоттық ән кешін өткізеді, деп хабарлайды silteme.kz AA.

Оған Рамазан Стамғазы, Жоламан Құжиман, Еркін Шүкіман, Ерлан Төлеутай,  Жетес Жәмеков сынды танымал өнер қайраткерлері  қатысады.

Концерттің мақсаты – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында жастардың патриоттық сана-сезімін дамыту, халқымыздың ұлттық, рухани, патриоттық құндылықтарын насихаттау.

Қала тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз.

Ұқсас сілтемелер