Басып шығару нұсқасы
13.12.2018, 16:03

«Дала академиясының түлектері» атты республикалық конференция өтеді

ҚР Тәуелсіздік күні, Астана қаласының 20 жылдығына орай «United Citizens Fund» қоғамдық қорының қолдауымен ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институты және «Bilim-orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы бірлесіп ұйымдастырған «Дала академиясының түлектері» атты республикалық конференция өтеді, деп хабарлайды silteme.kz AA.

Шараның басты мақсаты – Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылған «Ұлы даланың ұлы есімдері» бастамаларына атсалысып, қазақтың символдық капиталы саналатын әрі халықаралық аренада мемлекетіміздің тиімді ілгерілеуіне септігін тигізу әлеуетіне ие, әлемге білім мен білігі арқылы танылған ұлы тұлғалар шоғырын паш ету.

Жиынға ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры, т.ғ.д., профессор Бүркітбай Аяған, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Омар Жәлелұлы, Астана қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының директоры Гүлнар Ибраева, «Өрлеу» БАҰО Астана филиалы өкілі Гүлжан Нәлібаева, елімізге танымал журналист, «Ерекше көзқарас» бағдарламасының жүргізушісі Зейін Әліпбек, «United Citizens Fund» ҚҚ төрағасы, мәдениеттанушы-лингвист Абылайхан Қалназаров қатысады.

Шара соңында республикадағы білім мекемелері арасында ұйымдастырылған «Жылдың үздік ұстазы – 2018» атты республикалық байқауының «Еңбек жолым және білім берудегі жаңашыл тәсілім» тақырыбына жазылған үздік эсселер жинағы таратылып, аталған байқау жеңімпаздары марапатталады.

Ұқсас сілтемелер