Тарихи кездесу таңғы 9-да өтеді
06.06.2018ж.

Тарихи кездесу таңғы 9-да өтеді

АҚШ президентінің әкімшілігі Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның арасында өтетін кездесу 12 маусым күні Сингапур уақыты бойынша таңғы 9-да басталатынын мәлімдеді. Сондай-ақ журналистерге саммитке дайындық барысы ойдағыдай өтіп жатқаны хабарланды. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.

Ақ үйдің спикері Сара Сандерс Солтүстік Корея ядролық қарудан толық бас тартпайынша, АҚШ тарапынан салынған санкциялар өз күшінде қала беретінін айтты. Дегенмен Дональд Трамп  Солтүстік Кореяны келіссөздер үстеліне әкелуге мәжбүрлеу үшін барынша қысым көрсету туралы тапсырма берген болатын. Жуырда ол бұл сөзді ары қарай қолданғысы келмейтінін, қос тараптың қарым-қатынасы реттеле бастағанын айтты. Ал Вашингтонға арнайы келген Солтүстік Кореяның ресми өкілімен кездесуде Дональд Трамп Корей Ұлттық Демократиялық Республикасы ынтымақтастыққа ашық мемлекетке айналып келе жатқанын ерекше атап өтіп, жаңадан санкциялар салмайтынын мәлімдеді.

Дональд Трампқа хат жолдаған жеті демократ президенттен Солтүстік Кореяның ядролық қарудан бас тарту бойынша нақты іс-қимылға көшетініне көз жеткізбей тұрып, оған қарсы енгізілген санкциялар бас тарту «нашар келісім» болатынын ескертті.

Динара ТІЛЕУБЕК

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер