Басып шығару нұсқасы
14.05.2018, 12:12

Молдова президенті ЕАЭО саммитінде Назарбаевпен кездеспек

Молдова президенті ЕАЭО саммитінде Назарбаевпен кездеспек Фото: Sputnik Казахстан

Молдова президенті Игорь Додон Сочиде өтетін Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) саммитінде Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттерімен, сонымен қатар Армения премьерімен жұмыс кездесуін өткізуді жоспарлауда, деп жазады ТАСС-қа сілтемемен КазТаг.

«Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін ұшып барамын. Саммит «алаңында»  РФ президенті Владимир Путинмен, Беларусь Республикасының президенті  Александр Лукашенкомен, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, сонымен қатар, Армения Республикасының  премьер-министрі Николай Пашинянмен екі жақты кездесу өткізу жоспарланған», - деп жазған Игорь Додон әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Бұған дейін, Молдова басшысы Сочиде «Ресей президентімен өткен жылдың басында қол жеткізілген келісімдердің нәтижесін талқылағысы келетінін» хабарлаған.  «Олар бірінші кезекте көптеген азаматтарымыздың өмірінде орын алған оң өзгерістерге қатысты. Осы уақытқа дейін біздің өндірушілеріміз РФ-ға экспорт көлемін едәуір арттырды. Сонымен қатар, Молдованың басым бөлігі Ресейде жұмыс істейтін еңбек мигранттары бұрынғыға қарағанда жақсы қорғалған», - деп атап өтті  Игорь Додон.

Оның айтуынша, келіссөздер барысында ол Молдова үкіметімен қарым-қатынасты жақсарту мәселесін талқыламақшы. Себебі Кишиневтағы еуропалық биліктің қырын қабақ танытуы екі ел арасындағы қарым-қатынасты қиындатып жіберген болатын, деп атап өтілген хабарламада. 

Хабарланғандай, ЕАЭО елдерінін басшылары Сочиде 14 мамырда өтетін саммитте энергетика, цифрлық экономика, медицина, экология, сонымен қатар Молдованың одаққа бақылаушы ел ретінде мүшелігін тақылайтын болады.  «Талқыланатын мәселелер қатарында БАҚ назарын аударатын маңызды мәселе де бар – бұл Еуразиялық комиссия дайындаған одақ жанындағы бақылаушы-мемлекет ережесін бекіту. Біз күтіп отырғандай, отырыс барысында Молдова Республикасына бақылаушы-мемлекет мәртебесі беріледі», - деді РФ президентінің көмекшісі міндетін атқарушы Юрий Ушаков.
Дереккөз: abctv.kz

Ұқсас сілтемелер