Басып шығару нұсқасы
03.05.2018, 11:53

Норвегияда азан шақыруға тыйым салынуы мүмкін

Норвегияда танымал «Прогресс партиясы» елдегі мешіттерде дауыс ұлғайтқыштармен азан шақыруға тыйым салуды ұсынды. Көші-қон саясатының мәселелерімен айналысатын «Прогресс» партиясының өкілі Юн Хельгхайм партия съезінде тиісті ұсынысты қарастырды.

«Бұл мәселе адам құқықтары туралы заңдарға қарсы екені мені алаңдатпайды. Мен үшін мешіттерге жақын тұратын адамдардың тыныштығы маңызды. Азан шақыру адамдарда ыңғайсыздық туғызбауы керек. Мені Адам құқығын қорғау туралы конвенцияның ережесі Азанның дыбысын шектеуге тыйым салатыны да қызықтырмайды» деді Хельгхайм.

Айта кету керек, Норвегияда азандар мұнаралардан оқылмайды, бірақ мешіттің өзінде, дауыс ұлғайтқыштармен жұмыс істейді. Сондықтан, оның дыбыстары көшеге естілмейді. Азан барынша тыныш шақырылады. Норвегияның коалициялық үкіметінің құрамына кіретін «Прогресс» партиясы мұсылмандардың дұға етуге шақырғаны туралы тыйым салуы бірінші рет емес. Партияның бұл әрекетіне Норвегияның Әділет министрлігі азанға тыйым салу дін бостандығының қағидаларына және Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенцияға қайшы келеді деп мәлімдеді.


Дереккөз: kazislam.kz

Ұқсас сілтемелер