Басып шығару нұсқасы
30.04.2018, 09:14

Солтүстік Корея ядролық полигонын жабады

Солтүстік Корея мамыр айында Пунгеридегі ядролық полигонын жабатын болды.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Инмен кездесуінде осындай уәде беріпті. Ким Чен Ынның мәлімдеуінше, полигонның жабылуы ашық түрде өтеді, бұл шараға журналистер мен қауіпсіздік жөніндегі халықаралық сарапшылар шақырылады.

Сондай-ақ көрші елмен жақындасу мақсатында Солтүстік Корея сағаттық белдеуін өзгертпек. Қазіргі кезде Пхеньян мен Сеул арасындағы уақыт айырмашылығы жарты сағат болып тұр. Жұма күні Оңтүстік пен Солтүстік Кореяның басшылары кездесіп, Корея түбегін ядролық қарудан азат етуге бірлесіп, қимыл жасауға келіскен.

Дереккөз: 24.kz

Ұқсас сілтемелер