Басып шығару нұсқасы
11.04.2018, 18:05

Саят Ыбыраев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

Бүгін техника ғылымдарының докторы, профессор Саят Ыбыраев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне оның адвокаты Абзал Құспан хабарлады.

«Семей қалалық сотының шешімі бұзылып, бүгін ШҚО сотының аппеляция алқасының қаулысымен мерзімінен бұрын босатылды», - деді Абзал Құспан.

Айта кетейік, 2011 жылы Саят Ыбыраев «экстремизм» бабы бойынша 12 жылға сотталған. 2018 жылы сәуірде қазақтың бір топ зиялысы Саят Ыбыраевты мерзімінен бұрын босату үшін ҚР жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановқа ашық хат жазды.

Ұқсас сілтемелер