Басып шығару нұсқасы
05.04.2018, 10:46

Трамп Назарбаевқа гольф таяқшасын сыйлады

АҚШ президенті Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевқа АҚШ-қа сапарынан естелік ретінде гольфке арналған таяқша сыйлады. Экспонат қазіргі уақытта Елбасының кітапханасында сақтаулы тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұнымен қоса, Дональд Трамптың АҚШ-тың басқа да бұрынғы президенттері сияқты гольф ойнағанды жақсы көретіні айтылады.

Айта кетейік, елімізде гольфтың даму тарихына 20 жылдан аса уақыт өтті. Сондай-ақ, Алматыда жыл сайын Халықаралық турнирлер өтеді. Қатысушылардың саны да жыл сайын артып жатыр.

Cондай-ақ, Елбасының кітапханасында Билл Клинтон 1997 жылдың қарашасында Нұрсұлтан Әбішұлына сыйлаған гольф доптары сақтаулы тұрғаны айтылады.

Ұқсас сілтемелер