Басып шығару нұсқасы
30.12.2017, 13:06

ДАИШ Санкт-Петербургтегі терактқа жауапкершілікті мойнына алды

ДАИШ Санкт-Петербургтегі терактқа жауапкершілікті мойнына алды Фото: ru.euronews.com

«Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы (ДАИШ, Қазақстанда тыйым салынған) 27 желтоқсан күні Санкт-Петербургтегі ойын-сауық орталығында болған жарылысқа жауапкершілікті мойнына алды, деп хабарлайды ТАСС Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Сәрсенбі күні «Перекресток» дүкенінің 1-ші қабатындағы жүк сақтау қоймасының маңында «Гигант Холл» ойын-сауық кешенінде белгісіз зат жарылғанын хабарлаған едік.

Қазіргі мәліметтерге қарағанда, 18 адам зардап шеккен, соның тоғызы әлі ауруханада жатыр.

РФ президенті Владимир Путин оқиғаны теракт деп атады.

Ұқсас сілтемелер