Басып шығару нұсқасы
16.12.2017, 18:44

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы – қазақ жастарының Тәуелсіз­дікке ұм­тыл­ысының көрінісі - Ә.Нысанбаев

Елімізде бей­біт­шілік, татулық, бірлік болуы керек...

Философия ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі Әбдімәлік Нысанбаев «Айқын» газетіне берген сұхбатында еліміздің Желтоқсан оқиғасының мәні мен маңызына тоқталды, деп хабарлайды silteme.kz.

Ол басылым өкілінің «Кейбіреулер осы күнді оңай ғана келе сал­ғандай сезінетін сияқты. Біз, бүгінгі ұр­пақ тәуелсіздіктің қадіріне жетіп жүрміз бе?» деген сауалына: 
«Тәуелсіздік жолында ата-бабалары­мыз ғасырлар бойы тер төкті. Елін, жерін қорғау үшін жанын да, қанын да аямады. Кеңестер Одағы кезінде тілімізден, ділі­міз­ден, дінімізден айырылып қалуға шақ қал­­дық. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы – қазақ жастарының Тәуелсіз­дікке ұм­тыл­ған бір көрінісі. Бұл – жылдар бойы жиналған іштей наразылықтың белгісі. Өрімдей жастарымыз желтоқсанның ақ қар, көк мұзында кеуделерін оққа тосты, қыршынынан қиылды. Бүгінгі ұрпақ соны жете түсінуі тиіс. Елімізде бей­біт­шілік, татулық, бірлік болуы керек, біз сонда ғана діттеген ұлы мақсаттары­мызға қол жеткіземіз» деп жауап берді.

Ұқсас сілтемелер