Басып шығару нұсқасы
08.07.2017, 22:34

Италиялық фермер трактормен жерге Путиннің портретін салған

Италиялық фермер Дарио Гамбарин өзінің жеке меншік алқабына Владимир Путиннің алып портретін салған. Өз жұмысын Гамбургте өтетін саммитке арнапты, деп жазады zanmedia.kz.

Гамбариннің жері Кастаньяро қаласында. Фермер G20 саммитінде Путиннің Дональд Трамппен кездесетінін білгеннен кейін осындай ойға келіпті.

Өткен жылы Гамбарин АҚШ-тағы президент сайлауына дейін дәл осылай Дональд Трамптың портретін салған болатын.

 

Ұқсас сілтемелер