Басып шығару нұсқасы
16.03.2018, 15:33

«KazGrain 2018» халықаралық конференциясында ортаға салынған тақырыптар

16 наурызда Астанада «KazGrain 2018» халықаралық конференциясы ашылды, оның ұйымдастырушылары  «АПК-Информ» АА және  Агро Индустрия KZ болып табылады. Бұл туралы «ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап silteme.kz АА хабарлайды.

Іс-шааның сессиялық бөлімі барысында оның әлемнің 21 елінің шамамен 270 компаниясы мен салалық ұйымдарының 280 қатысушыларынан көбі астықтың әлемдік нарықтағы үрдісін, әлемдік үрдіс айналасындағы астық пен ұнның қазақстандық нарығын дамыту перспективаларын, Қазақстанның астық пен ұнды экспорттау әлеуетін оңтайландыру жолдарын және аталған өнімдерді жөнелтудің перспективалық бағыттарын талқылайды.   Дәнді-бұршақ тұқымдас дақылдардың қазақстандық, және әлемдік нарықтардағы сегментіне жеке көңіл бөлінетін болады.

Ресейде, Украинада және Қазақстандағы егістік алаңдардың өзгеру динамикасы айрықша байқалады сарапшы

Ресейде, Украинада және Қазақстандағы бидайға арналған егістік алаңының соңғы 10 жылдағы өзгерісінің үрдісі айрықша байқалады.  Бұл фактіні 16 наурызда Астанадағы «KazGrain 2018» конференциясындағы баяндамасында «Атамекен Агро» АҚ басқарма төрағасы Кинталь Исламов атап өтті.

Атап айтқанда, Ресейде аталған кезең ішіндегі дәнді дақылдардың егісінің жалпы алаңы 14%-ға өсті – 2007 ж. 24,38 млн. га  2017 ж.-  27,89 млн. га дейін – деді баяндамашы.  Украинада бидай егетін алаңдар да ұлғайды, алайда едәуір азырақ  –  1%-ға ғана, 6,29 млн. га  6,36 млн. га дейін.

«Қазақстанға қатысты, бидай егістігінің алаңдарының өсімінің үрдісі қарастырылған кезеңнің басында ғана белгіленді, бұл ретте соңғы 10 жылғы ең жоғарғы деңгейдегі көрсеткіш 2009 жылы белгіленген – 14,75 млн. га. Кейінгі жылдары қазақстан бидайының егістік алаңдары біртіндеп азайды және 2017 жылы 11,98 млн.га құрады, ол 2007 ж. деңгейінен (12,89 млн. га) төмен. Көп жағдайда аталған динамика елдегі жүргізілетін әртараптандыру саясатымен байланысты, онда дәнді-бұршақ тұқымдастар мен май дақылдарын өсіру алаңдары ұлғайтылады», - деді К.Исламов.

Сонымен бірге, ол соңғы 10 жылда ресейдің, украинаның және қазақстан бидайының шығымдылығына да қатысты шамамен осындай динамика байқалады деп толықтырды ол.

«Аталған көрсеткіштің ең көп динамикалық өсімі Украинада белгіленді  – 2007ж. 2,34 т/га – 2017 ж. 4,11 т/га дейін.  Ресей үшін өсім біршама аздау  – 2,1 т/га  3,12 т/га дейін. Осы ретте Қазақстанда өткен жылы бидайдың орташа шығымдылығы  1,24 т/га құрады, ал 2007 жылы 1,3 т/га болған», -деді сарапшы.

Сапа мәселесі Қазақстанның ауылшаруашылық экспортын дамытудағы басты мәселе болып табылады - сарапшы

Қазақстаннан дәнді және май дақылдарының экспорты кезінде сапа проблемасын шешу соңғы жылдары экспорттық келісім-шартты толық және уақытында орындау үшін аса маңыздылыққа ие болып отыр.  Осындай қағиданы 16 наурызда Астанадағы «KazGrain 2018» конференциясында өз баяндамасында «Балтик Контрол Казахстан»  ЖШС бас директоры Гүлмира Абишева айтты.

   «Аталған талапты қамтамасыз ету үшін, ең алдымен экспорттық келісім-шартқа қол қойғанға дейін сапа талаптары, қауіпсіздік талаптары, алушы елдегі жүк қабылдау шарттары бөлігіндегі барынша толық және шынайы ақпарат, сондай-ақ жүк жөнелтілетін элеватор туралы ақпарат алу қажет», - деді ол.  

Бұдан басқа, экспорттық топтаманы өнімді қабылдау сәтінен бастап элеватордың өзінде қалыптастыру қажет, өйткені қазір негізінде «өндірушінің өзі элеватордың иесі, оның өзі трейдер», - деді Г.Абишева.

«Ал қатты бидай, текшелік өнімдер (майлы және дәнді-бұршақты) сияқты өнімдерді егістік кезінен бастап қалыптастыруға болады, өйткені бұл негізінде өз сатып алушысы бар тар нарық.  Қазір, ереже бойынша фьючерс бойынша жұмыс істейді, егістіктен бастап инвестициялайды немесе қаржыландырады, сондықтан экспорттық партияны осы кезеңде қалыптастыру мүмкін», - толықтырды сарапшы.

Қазақстанда органикалық ауылшаруашылық өнімдерінің жетекші әлемдік өндірушісі болудың жақсы мүмкіндігі бар

Қазақстанда органикалық өнімдердің өндірісін дамыту үшін жақсы мәрелік жағдайы бар, ол келешекте осы елге әлемдік нарықтың аталған сегментінде негізгі ойыншылардың бірі болуына мүмкіндік береді. Осындай бағаны 16 наурызда Астанадағы «KazGrain 2018» конференциясында өз баяндамасында FAO ұлттық консультанты Саят Шортан берді.

«Қазіргі уақытта әлемдегі органикалық өнімге сұраныс өсімінің қарқыны ұсыныс өсімінің қарқынынан біршама жоғары. Және бұл Қазақстанның нарықтың аталған сегментінде орнығуы үшін жақсы алғышартты құрайды», - деді сарапшы.

Осы ретте, Қазақстанның қазіргі уақыттың өзінде де көптеген әлеуетті бәсекелестерде жоқ ресурстары бар – салыстырмалы «таза» топырағы, өндірістегі ГМ дақылдарының болмауы, агрохимия құралдарына тәуелділігінің салыстырмалы аздығы – деп атап өтті С.Шортан.  

«Қазақстанға органикалық өнім нарығын дамыту үшін шешуді қажет ететін негізгі проблемалар, логистиканы арзандату және өндіріс технологиясының бейімделуі», - деп толықтырды  баяндамашы сөзін.

Қазақстандық органикалық өнімнің әлеуетті импортшылары туралы айтқанда, С.Шортан негізгі жеткізу бағыттарының қатарынан әлемнің дамыған елдерін бөліп атап өтті – АҚШ, ЕО-28 мемлекеті, сондай-ақ Қытай, Канада және Швейцария.

Wexport  онлайн-алаңы Қазақстанның аграрларының өнімдерін сату мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтті

Қазақстанда 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап іске қосылған Wessar компаниясымен әзірленген және енгізілген Wexport  онлайн-алаңы дәнді және май дақылдарының отандық өндірушілеріне шығарылған өнімдерін өткізу кезінде қаржы және уақыт шығындарын барынша азайтуға мүмкіндік береді.  Бұл туралы 16 наурызда Астанадағы «KazGrain 2018» конференциясы барысында «Wessar» ЖШС маркетинг жөніндегі  директоры Камал Қаланов айтты.

Осы ретте баяндамашы, Қазақстанда астық өндірісі экспортқа бағдарланған сала болып табылатынын атап өтті, компаниямен әзірленген сауда-саттықтарды жүргізу механизмі өндірушілерге осы ретте делдалдарды қажет етпей тікелей сатып алушыға шығу арқылы сату көлемін арттыруға мүмкіндік береді. 

«Клиент табуға және Найти клиента и заключить сделку на площадке Wexport  алаңында мәміле жасасуға бір жұмыс күні қол жеткізуге болады, бұл ретте жеңіл тіркелуден өту және тауардықосу үшін тек шамамен 7 минут қана кетеді. Ал келісім-шарт жасасудың дәстүрлі схемасы кезінде ол 10 күннен көп уақытты алады және мәміленің орындалмауына жиі әкеп соғады» - деп атап өтті К.Қаланов.

Қазақстанның қара теңіз порттары арқылы экспортты ұлғайтудағы айтарлықтай әлеуеті бар - сарапшы

Қазақстан астығының экспорты кезінде инфрақұрылымдық проблемаларды шешудің бір жолы ресейдің Қара теңіздің суы терең порттары арқылы және, алдымен Новороссийск порты арқылы жөнелтуді дамыту болар еді.  Бұл туралы 16 наурызда Астанадағы «KazGrain 2018» конференциясында «ТБИ» ААҚ бас директоры Иван Караманов өз баяндамасында айтып өтті.

«Новороссийск портында астық тиеу «т/ж вагоны – кеме борты» тікелей варианты бойынша жүзеге асырылады. Ағымдағы астық маусымында осындай әдіспен экспортқа шамамен 100 мың тонна қазақстан астығы жөнелтілді, алайда бұл бағыттағы әлеует әлі айтарлықтай үлкен. Дәнді дақылдарды экспортқа жөнелтудің осындай әдісінің сыйымдылығы жылына 1 млн.тоннаға дейін бағаланады», - деді баяндамашы.

И.Карамановтың пікірі бойынша Новороссийск порты арқылы қазақстан астығы үшін тағы бір жол, астық жүктерін контейнерлік жөнелту болып табылады.

«Бұл жаңа нарықтардың ашылу мүмкіндігі, атап айтқанда Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтары, ол астық пен май дақылдарын тұтынудың ең сыйымды және жылдам өсетін нарығы», - деп атап өтті ол.

Қазақстан дурум – Arete бидайының әлемдік экспорттаушы ретіндегі өзінің  позициясын нығайтады

Соңғы 4 жылда Қазақстан дурум бидайын әлемдік нарықтағы экспорттық жеткізуін 2014 ж. 170 мың тоннадан 2017 ж. 450 мың тонна астыққа дейін ұлғайтты. Бұл туралы 16 наурызда Астанадағы «KazGrain 2018» конференциясында Arete Research&Consulting in Economics аға консультанты және нарық талдаушысы Филиппо Бертуцци өз баяндамасында атап өтті.

Атап айтқанда,  оның айтуынша аталған өсім Италия мен Түркия бағытына жөнелту көлемінің артуы есебінен болды, ол Ресейдің қазақстанның дурум бидайын сатып алуын қысқартқанының орнын толтыра алды.

«Алайда, аталған астықтың  географиясының маңызды өзгерісі қазіргі уақытта болған жоқ. Осыған байланысты, экспорт көлемін ұлғайту және өткізу нарықтарын кеңейту үшін қазақстандық өндірушілерге және дурум  бидайын экспорттаушыларға ұзақ мерзімді стратегия қажет, сондай-ақ аталған дәнді дақылға сұраныс ерекшеліктерін аса нақты түсіну және нарық жағдайына ұдайы талдау жүргізу қажет», - деп сөзін толықтырды баяндамашы. 

Дәнді-бұршақты дақылдардың әлемдік нарығы сұраныстың өсімімен сипатталады - сараршы

Дәнді-бұршақты дақылдардың әлемдік нарығы қазіргі уақытта оларды тамақ өнімдері өндірісінде пайдалануға қатысты тым әртараптандырылған және 2 мыңнан астам түрі бар. Бұл, дәнді-бұршақты дақылдардың протеин деңгейінің аса жоғары болуына байланысты, басқа дән ді және май дақылдарымен салыстырғанда шамамен  20-25%, (бидайда 10-12,5%, жүгеріде – 3-4%), сондай-ақ құс етінде (23%). Бұл туралы 16 наурызда Астанадағы «KazGrain 2018» конференциясында  Hakan Agro DMCC коммерциялық бөлімшесінің басшысы Корай Озкан өз баяндамасында айтты. 

«2004 жылдан бастап 2016 жыл аралығында дәнді-бұршақты дақылдардың әлемдік өндірісінің өсімі байқалады, ол 2016 жылы 75,6 млн.тоннаға жетті, бұл ең алдымен бе лсенді, әлемдік сұранысқа байланысты. Алайда, 2018 жылға қарай аталған көрсеткіш төмендеп кетті және 70,9 млн.тоннаға бағаланды», деп атап өтті сарапшы.

Дәнді-бұршақты дақылдардың негізгі әлемдік экспорттаушыларына қатысты, онда осы жерде көшбасшы позициясына Канада ие болады, оның әлемдік экспорттағы үлесі 41%-ды құрайды, одан әрі Австралия (12%), Мьянма (11%), АҚШ (10%) орын алады.

«Дәнді-бұршақты дақылдардың басты импорттаушылары соңғы жылдары Индия болып қалады. Мысалы, 2015 жылы аталған өнімді елге жеткізу шамамен 5 млн.теңгені құрады, басқа елдер үшін бұл көрсеткіш шамамен 1 млн.тоннадан асқан жоқ», - деп сөзін толықтырды К.Озкан.

Ұқсас сілтемелер