Басып шығару нұсқасы
08.03.2018, 15:47

Forbes: Әлемдегі ең бай адамдардың тізіміне 5 қазақстандық енді

Forbes журналы әлемдегі ең бай адамдардың тізімін жариялады. Оның ішінде қазақстандықтар да бар, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап silteme.kz АА.

2018 жылдағы әлемдегі ең бай адамдардың рейтингісінде 779-шы орынды Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева алды. Осылайша олар Қазақстандағы ең бай адамдар деп танылды. Былтыр отбасылы жұп 973-ші орында болған. Әрқайсысының қаржы қоры 1,1 миллиарда долларға артып, 2018 жылы 3,2 миллиарда долларға жетті.

Владимир Ким 3,1 миллиард доллармен 776-шы орынға тұрақтады. Ол бір жылда бір миллиард долларға байыған. Миллиардер былтыр Тимур мен Динара Құлыбаевтармен 973-ші орынды бөліскен.

924-ші орынға 2,6 миллиард доллармен Болат Өтемұратов жайғасты. 2017 жылы бизнесмен  2,3 миллиард доллармен 896-шы орында болған.

Қазақстандықтардың арасында көшбасшы бестікті 2,3 миллиард  доллармен Алиджан Ибрагимов тәмамдайды. Былтыр кәсіпкер 1,9 миллиард доллармен 1098-ші орында болған.

Былтыр Қазақстандағы миллиардерлер 3,9 миллиард долларға байыды. 2016 жылы қазақстандық кәсіпкерлер 1,5 миллиард доллар жоғалтқан болатын.