Басып шығару нұсқасы
11.12.2017, 22:37

Қазақстандық БАҚ-қа не жетіспейді?

Әлеуметтік желі белсенді қолданушылардың бірі Нұрмұхаммед Байғараев өзінің фэйсбук парақшасында еліміздегі муфтидің ауысуы мысалында қазақстандық БАҚ-қа не жетіспейтінін атап өтті, деп хабарлайды silteme.kz.

"Кеше елімізде мүфти ауысты. Бұл экс-мүфтидің қызметіне талдау жасауға, жеткен жетістігі мен істей алмаған жоспары, оның 2-ші мерзімге қалмауының себебі жайлы жазуға, жаңа мүфтиді зерттеуге, оның мүмкіндіктеріне кішігірім болжам жасауға жақсы мүмкіндік. Одан қалса, өзге елдердегі діни басшылардың ауысуы, саясатқа ықпалы, рөлі жайлы қалам тербеуге, бізбен салыстыруға, елдегі діни-ахуалды сәл-пәл сараптауға да болар еді....

Бірақ қазақ БАҚ, сайттары тыныш, бір-екі сөйлеммен жаңалық ретінде беріпті... Бізде БАҚ-қа жүйелік ойлау жетіспей жатады.  1-2 күндік рейтингті ойласа, әншінің отбасылық жаңалығын жазуға болады. Ал егер ұзақ мерзімді ойласа, сапалы сараптама жазып, оқырманның талғамын көтеруге де болады..." деді ол.

Айта кетейік, Алматыда өткен Қазақстан мұсылмандарының сегізінші құрылтайында Серікбай қажы Ораз Бас мүфти болып сайланды. 

Ұқсас сілтемелер