Басып шығару нұсқасы
12.10.2018, 13:54

Өскеменде итті құтқару үшін мұздай суға түскен жігіт жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

Өскемендік жігіт Бұқтырма су қоймасында батып бара жатқан итті құтқарып қалды деп жазады Yk-news.kz.

Кирилл Павловский достарымымен бірге Бұқтырма өзеніне катермен демалуға барған. Суға батып бара жатқан итті көргенде ойланбастан бірден мұздай суға секірген. Үй жануары болса өзін құтқаруға келе жатқан ер адамға қарай жүзген.

Youtube видео порталына жарияланған бұл видеоны көргендер жігіттің ерлігіне риза боп жатыр. Ал Кирилл өзінің орнында кез келген адам еш ойланбастан осылай жасайтынын айтады.