Басып шығару нұсқасы
23.05.2018, 11:16

ВИДЕО: Ішімдікке тойып алған жасөспірім терезеден құлап кетті

17 жастағы ер бала мас күйде болғандықтан тепе-теңдікті сақтай алмай, ашық тұрған терезеден құлап кеткен.

Қайғылы оқиға Ресейдің Самара қаласында орын алды. Ішімдік пен кальянға толы үйде бір топ жасөспірімдер көңіл көтеріп отырған. Өз батылдығын көрсетпек болып терезе алдына барған ер бала тепе-теңдігін сақтай алмай, абайсызда құлап кетеді. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмған.

Ескерту видеода бейәдеп сөздер бар.

Дереккөз: ktk.kz

 

Ұқсас сілтемелер