Басып шығару нұсқасы
18.04.2018, 09:37

"Едіге" дастанынан үзінді (видео)

Қарақалпақ жырауы Бақберген Сырымбетовтың орындауындағы "Едіге" дастанынан үзіндіні назарларыңызға ұсынамыз. 

Айта кетейік, Ер Едіге – тарихи қаһармандық жырлардың ортақ атауы.

Әмір Темір заманында өмір сүрген көреген мемлекет қайраткері, ерен ерлігімен қоса әділ билігімен де есімі аңызға айналып, Алтын Орда хандарының ақылшысы, халық қамқоры болған Едіге батырдың Тоқтамыспен арадағы соғыстарын арқау еткен аңыз-әңгіме, дастан-жырлар халық арасына кең тараған. Едіге жайлы тарихи құжаттар Мәскеу мұрағаттарында, Никонов шежіресінде, «Дүние жүзі тарихының» 3-томында кездеседі. Оның өмірі мен соғыстары туралы жырлар мен аңыздар қазақ қана емес, татарноғайқырғызқарақалпақбашқұртқырым татарларықұмықтүрікмен, т.б. халықтар арасында да кездеседі. 

Ұқсас сілтемелер