Басып шығару нұсқасы
22.08.2016, 16:41

Олимпиаданың соңғы күні: моңғол бапкерлері шешініп, боз кілемнің үстіне жатып алды

Олимпиаданың соңғы күні: моңғол бапкерлері шешініп, боз кілемнің үстіне жатып алды baq.kz

Күні кеше Рио-Олимпиадасы аясында өткен еркін күрестен 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша қола медаль үшін моңғол балуаны Мандахнаран Ганзориг пен өзбек спортшысы Ихтиер Наврузов белдескен болатын.

7:6 есебімен ұтып тұрған моңғол жекпе-жектің соңында қарсыласын мазақтағандай қолын жоғары көтеріп, қаша бастады. Алайда төрешілер есепті 7:7 қылды. Артынан Наврузовты жеңімпаз деп таныды. Осыдан кейін моңғол құрамасының бапкерлері наразылық білдіріп, жұрттың көзінде шешініп тастады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бапкерлердің әрекетіне қарамастан, төрешілер өз шешімін өзгерткен жоқ. Қола медаль өзбек балуанына тапсырылды.

 

 

 

 

Ұқсас сілтемелер