Басып шығару нұсқасы
08.02.2018, 09:55

ВИДЕО: Қасқыр оқ атқан адамдарға шабуылдады

Өтірік өліп жатқан қасқыр өзін тепкен ер адамды талап тастады, деп хабарлайды ktk.kz.

Иен далада қасқыр атып жүргендердің сөзінше, оқиға 4 ақпан күні қазақ жерінде болған.
 
Олар оқ тиген қасқырды видеоға түсіріп тұр. Ер адамның бірі қасқырды аяғымен нұқып көргені сол еді, жыртқыш оның өзіне тап берді.

Ер адам мұндайды күтпесе керек, қаша жөнелді. Жанындағылар көмекке ұмтылып, арашалап қалды.

 

Ұқсас сілтемелер