ВИДЕО: Тәтті нанның іші толған темекі тұқылы!
21.12.2017ж.

ВИДЕО: Тәтті нанның іші толған темекі тұқылы!

Шымкент қаласының тұрғыны дүкеннен екі тәтті нан сатып жеп, ауруханаға түсті. Тағамның ішінен темекі тұқылдары табылған, деп хабарлайды КТК-ға сілтемемен silteme.kz.

«Күйіктің дәмін сездім. Сосын темекі тұқылын жұтып қоя жаздадым. Сол күні жылдам ауруханаға барып ем қабылдауға тура келді. Өйткені дене қызуым көтеріліп, жүрегім айныды. Жиіркенгенім соншалық, сөзбен айтып жеткізу қиын. Әлі күнге дейін тамақ ішуге тәбетім жрқ. Бұған кінәлілер жазасын алсын деп талап етем» - деді Шолпан Сәрсенбаева.

Дүкен қожайыны тәтті нанды жеткізушілермен хабарласты.

«Біз өзіміз таң қалдық. Бұл тәтті нанды көбінесе балалар сатып алып жейді. Мұндай жауапсыз фирмаларды жабу керек. Енді олармен бірге жұмыс істемеймін. Олар мені қорлады », - деді дүкеннің иесі Әлия Әлішерова.

Дегенмен кондитерлік цехтың директоры  кінәсін мойындамады. Айтуынша, бұлы оған қарсы әдейі жасаған әрекет. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер