Басып шығару нұсқасы
14.12.2017, 09:06

Француз азаматы 70 метр биіктікте жіп үстімен жүріп әлемдік рекорд орнатты (видео)

КТК арнасының хабарлауынша, даршы (арқан бойымен жүретін әртіс) Сена өзенінің 70 метр биіктігінде нейлон жіптің үстімен жүріп өткен.  Бұл туралы silteme.kz ақпараттық порталы да жазды.

Осылайша, француздық азамат Натан Полэн әлемдік рекорд орнатып отыр. Ол екі нысанның арасында тартылған жіптің үстімен жүріп өнер көрсеткен. Өнер сахнасы Сена өзенінің 70 метр биіктігінде орналасқан және жүріп өткен қашықтық Эйфель мұнарасынан Трокадеро алаңына дейін 670 метрді құраған екен.

Ақпарат көздерінің дерегіне қарағанда, жүріс қауіпсіздік белдігімен өткен және жарты сағатқа созылыпты. Ал әртістің айтуынша, дайындық кезінде көздеген бағытына 80 метр қалғанда құлап кеткен.

Айта кетейік, слэклайн – нейлоннан жасалған арнайы жіп.

Сондай-ақ, бұдан бұрын да Полэн рекорд орнатқан көрінеді. Ол қала ішінде 651 метр қашықтықты еңсерген.

 

Ұқсас сілтемелер