Басып шығару нұсқасы
30.03.2018, 12:09

Алматыда “Өз үйім” бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталады

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" Алматы қаласында "Өз үйім" бағдарламасы бойынша өтініш қабылданатынын мәлімдеді. Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлайды.

Байқау арқылы Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Шұғыла ы/а, Сәкен Жүнісов көшесі, 2/37 учаскесінде орналасқан “Alma city” тұрғын үй кешенінен пәтер алуға болады. Оның құрылысы 2018 жылдың желтоқсан айында аяқталады.

Байқауға IV кластағы 300 пәтер шығарылып отыр, оның  ішінде 1 бөлмелі 100 пәтер (34,75 шаршы метр), 2 бөлмелі 100 пәтер (56,01 шаршы метр), 3 бөлмелі 100 пәтер (76,49 шаршы метр) бар.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны әрленбеген күйінде 185 000 теңге тұрады. Қажет болған жағдайда әр шаршы метрін 15 мың теңгеден қосымша ақыға жөндетуге болады.

 

Бағдарламаға қатысу үшін 2018 жылдың 20 сәуірінен 2018 жылдың 19 мамырына дейін өтініш беру керек. Басты шарты – өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.

Ұқсас сілтемелер