Басып шығару нұсқасы
06.02.2018, 09:42

«1000 орын – көше саудасы» жобасына өтініштер қабылдау басталды

«1000 орын – көше саудасы» жобасына өтініштер қабылдау басталды astanatc.kz

«Astana» ӘКК «ҰК» АҚ «1000 орындық – көше саудасы» жобасы бойынша өтініш қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Өтініштер ағымдағы жылдың 5 ақпанынан 19 ақпанына дейін http://new.smart.astana.kz/ сайтында қабылданады.

Жер телімін алуға өтінішке келесі құжаттар қосымша тіркеледі:

1) жеке кәсіпкердің қызмет түрі көрсетілген тіркеу жөніндегі куәлігінің көшірмесі/заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткендігі жөнінде анықтама;

2) жеке куәлік көшірмесі (жеке кәсіпкердің, директордың);

3) заңды тұлғаның жарғы көшірмесі;

4) өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (қажет болған жағдайда);

5) өтінімді беру кезінде салықтық қарызы жоқтығы туралы анықтама;

6) потенциалды қатысушының жеке есеп айырысу шотынан бекітілген кепілдік жарнаны төлегенін растайтын банк белгісі қойылған төлем құжаты;

7) ЖК/ЖШС есеп шоты туралы банктен анықтама (50 АЕК көлемінде).

Өтінімдер тек кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінен қабылданады.

Кепілдік жарнаны аударуға арналған банк шотының деректемелері:

БСН:

101 040 011 375

ЖСК:

KZ56998BTB0000068239

Бенефициар банкі:

АО НК «СПК «Astana»

БСК:

TSESKZKA

БСК:

16

Банк:

Филиал АО «Цеснабанк» город Астана

Протокол:

-Потенциалды қатысушылардың аукционға болмаса комиссиялық іріктеуге рұқсат беру туралы, немесеолармен тікелей немесе желілік келісім жасау туралы;

- потенциалды қатысушыларға жер учаскелерін ұсыну әдісі туралы;

- Сайыстың немесе аукционның өту мерзімі, уақыты мен орны туралы

Протокол http://new.smart.astana.kz/веб-порталында өтініштер қабылдау мерзімі аяқталғаннан күнненкейінгі 3-5 күннен кешіктірілмей www.astana.gov.kz, www.astana-spk.kz интернет ресурстарында жария етіледі.

Сайыстың өткізілу тәртібі мен өтініштер беру туралы қосымша ақпарат алу үшін «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ хабарласуға болады.

Астана қаласы, Есіл ауданы, Д.Қонаев көшесі, 8, каб.1413, телефон: 8 (717) 261-35-54.

©astana.gov.kz.