актуаль

Показать содержимое по тегу: актуаль

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 1986 жылғы желтоқсанның 30 жылдығына орай белгілі журналист Болатбек Төлепбергеннің «Қасиеттім – желтоқсан!» атты кітабының тұсаукесер рәсімі болды.

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.

«Қасиеттім – желтоқсан!» публицистикалық кітабында автор 1986 жылғы Алматы қаласындағы Желтоқсан көтерілісінің шығу себеп-салдары мен оқиғаның өрбу барысын қамтуды көздеген. Сонымен қатар, оқиғаға қатысқан және одан кейінгі кезде азаматтық ұстанымын көрсеткен зиялыларымыздың, жастарымыздың қайсарлығы туралы сыр шертіледі. Желтоқсан көтерілісінің тұтануына түрткі болған жайттардан бастап, желтоқсандық қаћармандардың іс-әрекеттері ашып көрсетіліп, желтоқсандықтардың біразының тізімдері мен сол 1986 жылғы оқиғаға қатысқан жастардың деректері берілген. Автор Желтоқсан көтерілісіне қатысты толыққанды мағлұматты нақты деректермен дәйектейді, желтоқсандық зиялы қауым болмысын ашуға ұмтыла отырып, Желтоқсан көтерілісінің бізге беймәлім қырларын баяндауды мақсат  тұтқан.

Желтоқсан көтерілісі қазақ тарихының асқақ кезеңі екеніне оны мұқият зерделеген оқырманның көзі жете түсері анық. Автордың бұл тиянақты еңбегі – қаhармандық күрестің шынайы бейнесі мен толық ақиқатын ашудағы сауапты да қажырлы талпынысы, игілікті істің мәуелі жемісі.

Болатбек Төлепберген – әр жылдарда жарық көрген тарихи ағартушылық бағыттағы оншақты кітап пен «Сүйікті менің Отаным» және «Тәуелсіздік бесігін тербеткен» атты деректі фильмдердің авторы.

Аталған кітап Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша 2000 данамен «Керемет медиа» баспасынан жарық көрді.

Опубликовано в Руханият

«Оразадағы ойран» деп аталатын туындыда лаңкестердің өздері болған оқиғаны бүкпей айтып береді. Бейбіт күнде бүлік шығарғандар жүздерін жасырмай, өкініштерін халыққа жеткізуді сұраған екен. Сондықтан өзгелерге сабақ болар деген ниетпен фильмді әзірлеуге жергілікті билік тапсырыс берген.

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бұл көріністегі атыс ортасында қалған ойын баласының даусын естіген жанның денесі тітіркенеді. Осыдан-ақ Ақтөбеде жазда сойқан салған содырлардың бейқам көңілді баланы да аямағанын байқаймыз. Осы күнге дейін еш жерде көрсетілмеген бұл бейнекадрларды «Оразадағы ойран» атты деректі фильмде қолданған. Жергілікті билік пен құзырлы органдар туынды арқылы маусымдағы лаңкестік оқиғаның қалай болғанын және басты кейіпкердің кім екенін ашық жариялауды жөн деп шешіпті.

Қару-жарақ дүкенінен бастап, әскери бөлімге де шабуыл жасағандар сол күні Дмитрий Таңатаровтың шілдеханаға шақырғанын айтады. Жалдамалы пәтерде дәм ауыз тигізіп, бір сағат бойы жиһад жайында уағыз айтыпты.

"Тамақтандырған соң телефондарын алып алған. Кейін өшіріп тастаған" дейді Асхат Рахметов.

Қазір лаңкестер атысқа не итермелегенін нақты айта алмайды. Бірі уағызға ұйығанын айтса, бірі су ішкен соң есімізден адастық деп отыр. Мұны сарапшылар да жоққа шығармайды. Өйткені содырлардың қан құрамынан естен тандыратын амфетин мен петанил табылған. Десе де, олар хақ діннің жолынан тайғандарын мойындайды.

"Намазда жүрген бауырларға айтарым, қателеспеңдер. Адам өлтіріп, жәннатқа түсу мүмкін емес" деді содырлардың бірі Әлібек Ақпанбетов көзіне жас алып.

Содырлар осылай деп, көздерінен жастарын сорғалатып, халықтан кешірім сұрады. Енді өкінгенімен атыста тірі қалған жетеуі өмір бойы бостандық көрмейді. Әйтсе де еркіндікте қалған балалары үшін алаңдайды екен. 

"Отырмын алдарыңызда. Мама, кешір. Балаларыма қарашы" деп жылап жіберді Бақыт Қуанышбаев та.

«Оразадағы ойран» деп аталатын бұл деректі фильм Ақтөбедегі жергілікті арналар мен ғаламтордағы сайттар арқылы көрсетіліп жатыр. Жергілікті билік енді оны жастар арасындағы лаңкестікпен  күресу құралы ретінде қолданбақшы. Ол үшін аймақтағы барлық оқу орындарында көрсетіледі. 

Опубликовано в Руханият

Адамзат баласы бал және даршынмен бағзы замандардан таныс. Бұл өнімдер арведа, дәстүрлі қытай медицинасында айрықша бағаланады. Бал ешқашан бұзылмайды. Ал мыңжылдық бұрын даршынды тек императорлар сыйға алған. Бүгінде олар жалпыға бірдей қолжетімді. Ал екеуінің қосындысы тіптен пайдалы әрі дәмдірек.

Бұл ретте бал мен даршын қосындысының ерекше пайдасының дәлелдерін жиысытырып, оқырмандарымызға ұсынғанды жөн көрдік.

Қартаюға қарсы әсер

Бос радикалдар (оксиданттар) тіндерді қышқылдандырып, жасушаларды бұзады. Ол ерте қартаюға және түрлі ауруларға алып келеді. Антиоксиданттар бос радикалдарды бейтараптандырып, бұл үрдістерді баяулатады.

  • Балдың құрамында фенолдар, ферменттер, флавоноидтар мен органикалық қышқылдар бар. Мұның барлығы – күшті антиоксиданттар. Жүргізілген зерттеу жұмыстары олардың балдың қошқыл түстілерінде көп екендігін дәлелдеді. Мысалы, қарақұмық балы.
  • Даршындар полифенолдар көп. Олар күшті антиоксиданттар болып табылады. Жүргізілген зерттеу жұмысында даршын антиоксиданттар саны бойынша 26 дәмдеуіштерді артта қалдырды. Тіпті, сарымсақ пен орегано да алдыңғы қатардан көріне алмады.

Жүрек қызметін жақсартады

Бал мен даршын жүрек – қан тамырлар ауруларының алдын алуға көмектеседі.

  • Бал қанның жүрекке түсуін күшейтіп, нәтижесінде күретамырлар кеңейеді. Ондағы антиоксиданттар тромбтардың түзілуіне жол бермейді. Мұндай ұйысқан қан көп жағдайда жүрек талмасы, инсультке алып келеді.
  • Даршын «жаман» холестерин деңгейін төмендетіп, (тамыр қабырғаларында түзілетін атеросклероз түйіндері) «жақсысын» арттырады.

Үгілген даршынның бірнеше ас қасық мөлшерін құтыдағы балмен араластырып, күнделікті таңертең нан тіліміне немесе күлше нанға жағып жеңіз.

Бактериялық жұқпамен күреседі

Бал да, даршын да бактерияға қарсы әсерге ие. Сондықтан ол қоспаны тұмау тигенде ғана емес, басқа да жұқпалы ауруларға шалдыққанда қолдануға болады.

  • Бал – табиғи антибиотик. Ерте замандардан оны жарақатты залалсыздандыру үшін қолданады. Ол дефенсин-1 ақуыздары және глюкоза оксидазаларының көмегімен бактерияларды жояды.
  • Даршынның бактерияға, қабынуға және саңырауқұлаққа қарсы әсері бар. Оның құрамындағы ерекше заттар, даршын альдегиді даршынның бірден сезілер айрықша иісіне, пайдалы құрамына жауап береді.

Арықтауға көмектеседі

Бал мен даршынның өзі ғана артық майдан арылуға көмектесуге қауқарсыз. Десе де мүсініңіз сымбатты болғанын мақсат етіп, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтансаңыз, аталған қоспа жылдам арықтауға себін тигізеді.

  • Қант пен кәмпитті балмен алмастырыңыз. Балды қалыпты мөлшерде қолдану калорияны азайтады. Сонымен қатар тазартылған қант қандағы глюкоза мөлшерін көтереді. Мұнан кейін оның бірден төмендеуі орын алады. Глюкоза мөлшерінің айырмасы көңіл-күй тұрақсыздығына, инсулин түзілуіне алып келеді. Бал қанға баяу сіңетіндіктен, қант мөлшері көтерілмейді.
  • Даршын қандағы қант мөлшерін төмендетіп, зат алмасуына жауап беретін инсулинге сезімталдықты арттырады. Олсылайша ол зат алмасуының жылдам жүруіне ықпал етіп, глюкоза май емес, күш-қуатқа айналады.

Таңғы ас және ұйқыға жатардан 30 минут бұрын 1 шай қасық және 1/2 шай қасық даршын қосылған су ішіңіз.

Қандағы қант деңгейін төмендетеді

Қандағы қант мөлшерінің артуы көптеген ауруға апарып соғуы мүмкін. Олардың қатарында сусамыр сынды қауіпті эндокриндік аурулар бар.

  • Балдың глюкоза деңгейін төмендете алатыны дәлелденген. Бал тек 17% судан тұрады. Қалғаны – қант, оның ішінде фруктоза мен глюкоза. Оларды ағзамыз жеңіл сіңіреді және қандағы қант деңгейі көтерілмейді. Сондықтан балды сусамыр дертінен зардап шегетін жандардың тұтынуына болады.
  • Даршын да қандағы қант деңгейін төмендеті. Оны денсаулығы күшті еріктілер және сусамыр дертіне шалдыққандар қатысқан зерттеу жұмысы көрсетті. Әрине, ол – дәрі емес. Алайда тағамдық қоспа ретінде даршын – өте тиімді.

Бал таңдаған кезде оған жиі қант, бор, ұн және крахмал қосатынын ескергейсіз. Сондықтан балды тек сенімді сатушылардан алып, тазалығын тексеріңіз. Сүзілмеген және пастерленбеген балды қолданған дұрыс.

Ал даршын сатып алғанда үгілген түрін емес, даршын таяқшаларын алыңыз. Сонда нағыз цейлон даршынын дәл осы атаумен сатылатын, бірақ пайдалылығы төмен сана өсімдігінен оңай ажыратуға болады.

Ботулизм қаупі себепті 2 жасқа толмаған балаларға бал беруге болмайды.

Опубликовано в Нетократия

Ақылды суреттер мінезіңідегі ерекшелікті анықтауға мүмкіндік береді. Суретке назар салыңыз – бір қарағаннан-ақ нені байқадыңыз?

Көргеніңіз бойжеткеннің басы ма немесе егде жастағы ер адамның беті ме?

Егер бойжеткеннің басын көрсеңіз:

– сіз оптимистсіз және қызыққұмарсыз
– сіз қызба мінезісіз және әрекетіңіз көңіл-күйіңізге байланысты
– сіз өзге адамдарға көмек көрсеткеннен ләззат аласыз
– сіз мықты, ер мінезді жансыз
– сіз қиындықтарыңызды айналаңыздағылармен бөлісіп, пікірлері мен кеңестерін ескерсеңіз, өзіңізді шыңдай түсесіз

Егер ер адамның бетін көрсеңіз:

– сіз сабырлы, адал, шыншыл жансыз
– сіз тумысыңыздан көшбашысыз және кез-келген істі бастауға қабілетіңіз жетеді
– діттеген мақсатқа жетер жолда қызбалыққа салынбай, әр қадамыңызды дұрыс әрі аңдап басасыз
– сіз бәрінің мінсіз болғанын қалайсыз және кемелдікке деген ұмтылысыңыз – күйзеліске түсуіңіздің қосымша себебі
– ара-тұра өзіңізге демалыс беруге дағдыланыңыз, барлығы өз ретімен болады

Опубликовано в Self Made

Австрия парламенті 1899 жылы Адольф Гитлер дүниеге келген үйді мемлекет қарамағына өткізу үшін арнайы заң қабылдады, деп хабарлайды khabar.kz

Опубликовано в Шешімгер

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер