Ауыл шаруашылығы өнімдерінің форвардтық негізде сатып алына бастағаны хабарланды
20.05.2020ж.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің форвардтық негізде сатып алына бастағаны хабарланды

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық негізде сатып ала бастағанын хабарлайды.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық негізде сатып ала бастағанын хабарлайды. Сатып алу көлемі – 365 000 тонна.

Форвардтық сатып алуға қатысатын АШТӨ (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер) тізімін Азық-түлік келісім шарт корпорациясы жасайды және жергілікті атқарушы органдар құратын алқалы орган – Үйлестіру кеңесі бекітеді. Міндеттемелердің орындалуын Азық-түлік келісім шарт корпорациясының контрагент банктерінің тікелей және шартты міндеттемелері бойынша белгіленген лимиттер аясында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның кепілдігі, екінші деңгейдегі банктің кепілдігі арқылы қамтамасыз етіледі. Сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапалық көрсеткіштері стандарттарда белгіленген талаптарға сай болуы тиіс. АШТӨ міндеттемелерін орындау мерзімі – 15 қараша 2020 жыл.

Өнімдер EXW «франко-зауыт» (Инкотермс-2020) лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына жеткізілуі қажет. Алғытөлем ақшалай қайтарылмайды. Жеткізілген ауыл шаруашылығы өнімдері үшін қосымша ақы күзгі кезеңде жеткізу кезіндегі нарықтық баға бойынша жүзеге асырылады.

АШТӨ-нің форвардтық сатып алуға қатысу туралы өтінімдері электрондық түрде Азық-түлік келісім шарт корпорациясының www.fcc.kz интернет-ресурсында немесе Азық-түлік келісім шарт корпорациясының облыстық өкілдіктерінде қағаз түрінде келесі мекен-жайларда қабылданады:

Ақмола облысы: Көкшетау қ., Нұрсұлтан Назарбаев д-лы, 19, тел. (8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 55-11-52, 42-25-22, +7 701 795 09 98;

Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен қ., Бейбітшілік к-сі, 30, кеңсе 206, тел. (8-723-2) 25-44-77, 56-06-57;

Қостанай облысы: Қостанай, қ. Тәуелсіздік к-сі, 147, тел. (8-714-2) 53-11-44, 54-28-20, 54-28-94;

Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қ., Партизанский к-сі, 160, тел. (8-715-2) 42-27-24, 42-27-23, 55-11-64, 55-11-61.

Форвардтық сатып алу талаптары мен қағидаларын түсіндіру үшін Азық-түлік келісім шарт корпорациясының орталық аппаратында «жедел» желі ұйымдастырылды:

8-717-2 59-12-48, 59-12-73, 59-12-39, +7 702 513 69 79 (whatsapp).

Интернет – ресурстары: www.gov.kz / www.kazagro.kz / www. fcc.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер