«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ MATTA Fair 2019 көрмесіндегі жұмысын сәтімен аяқтады
10.09.2019ж.

«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ MATTA Fair 2019 көрмесіндегі жұмысын сәтімен аяқтады

«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ MATTA Fair 2019 көрмесіндегі жұмысын сәтімен аяқтады Фото: zakon.kz

«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ және Қазақстан Республикасының Малазиядағы елшілігі MATTA Fair 2019 көрмесіндегі жұмысын сәтімен аяқтады. Салалық көрме туризм және саяхат ісі жөніндегі ең ауқымды көрме саналады. Дәстүрлі шараны Малайзия турагенттіктерінің қауымдастығы 28 жыл қатарынан өткізіп келеді.

Биыл Қазақстандық көрме стендінің тақырыбы қысқы туризмге арналды. Сондай-ақ, стендте Ethnic food, яғни ұлттық дәм концепциясы ұсынылды. Айта кетерлігі, ұлттық тағам концепциясы ITB Berlin, MITT Moscow т.с.с. ірі шараларда көпшілік тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болған. Бұл жолы да қазақтың ұлттық тағамдары, тәттілер мен айраннан жасалған сусындар, сондай-ақ Алаутаудың баурайынан жиылған алманың дәмі MATTA Fair 2019 қатысушыларының көңілінен шықты. Таңсық дәмнен, бөлек көрмеге келушілер ұлттық киім киіп, суретке түсу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, виртуалды әлем арқылы Шымбұлақ курортына саяхаттап, бармен Әлібек Жайбергеновтың шеберлігіне сүйсінді. Алайда, Қазақстан туризмінің тұңғыш Елшісі –Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерін стендтің тұсынан табылуы көңілге айрықша қуаныш ұялатты. 

Көрме аясында ұйымдастырылған мәдени шаралардан бөлек, қазақстандық делегация Малайзия елінің Мәдениет, өнер және туризм министрлігі және кәсіпкерлік қауымдастығынының өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді. Атап айтқанда, Лангкави аралының әкімшілігімен (Langkawi Development Authority, LADA), Малайзияның Мәдениет, өнер және туризм министрлігі жанынан құрылған MATEX агенттігі, сондай-ақ, Малайзияның шаңғы спорты қауымдастығымен меморандумдарға қол қойылды. Атап айтқанда, LADA-мен инвестиция тарту және айрықша туристік дестинацияларды басқару бойынша тәжірибе алмасу; МАТЕХ –пен туристтік бағыттарды бірлесе алға ілгерлету; сондай-ақ, Малайзиядағы белсенді демалысты сүйетіндер арасында тау-шаңғы туризмін кеңінен таныту жөнінде келісімдерге қол қойылды.  

Жалпы, Халал өндірісі әлемде етек жайып келеді. Бұл ретте, Малайзия халал-туризм бойынша 130 елдің арасында көшбасшы атанған. Қазақстан бұл тізімде 24-ші орынға тұрақтаған. Жалпы, алдын ала болжам бойынша, 2026 жылы саяхатқа аттанатын мұсылмандардың саны 230 млн-ға жетеді деп күтілуде (2018 жылы – 140 мың).

Малайзияның Мәдениет, өнер және туризм министрлігі жанындағы Ислам туристік орталығы Қазақстанның туристік нысандары үшін арнайы тренингтер өткізіп, Muslim Friendliness, яғни мұсылмандарды қабылдауға дайындық бойынша қонақүйлер мен мейрамханалардың сертификациялауын жүргізетін болады.  

Сонымен қатар, мен Kazakh Tourism компаниясы Малайзиялық әріптесі Tourism Malaysia–мен өзара келісімге келді. Аталған келісімге сәйкес, Малайзиялық тарап қазақстандық турөнімдерді ілгерлету үшін Куала-Лумпурдағы көрме алаңын тегін қолдануға мүмкіндік беретін болып шешті.

Шараны ұйымдастырушы МАТТА қауымдастығы Қазақстанның көрмеге дайындығын жоғары бағалады. Нәтижесінде, Қазақстандағы қысқы туризмнің мүмкіндігін зерделеу мақсатында бір топ туристік операторды Қазақстанға жіберетін болады.

«Қазақстанның біздің елдің туристерін тартуға барлық мүмкіндігі бар. Біз де, өз кезегімізде Қазақстаннан біздің елге келетін туристердің ағыны ұлғайса екен дейміз. Туристердің нөпірімен өзара алмасу үшін қос ел арасындағы рейстерді арттырып, баға саясатын реттеу қажет. Мәселен, Малайзияның ұлттық тасымалдаушысы шетелдік туроператорларға субсидия ұсынады. Мұндай мүмкіндік Қазақстандағы туристердің ағынын еселеуге жол ашады деп сенемін», - дейді Tourism Malaysia жетекшісі Датук Юсуф.

«Стенд тақырыбы өте сәтті таңдалып алынған. Біздің туристерге қарлы шыңдарды көру таңсық. Стэндтің тұсында фотоға түсіп әрі елдеріңіз жайлы толыққанды ақпарат алуға асыққаны да сондықтан. Менің ойымша, Қазақстан Малайзия және ислам мемлекеттері арасында өзінің туристік әлеуетін кеңінен таныстыруға күш салуы тиіс. Өз басым Қазақстанда екі рет болдым. Ел астанасының даму қарқыны, Алматыдағы таулар, Медеу және Шымбұлақ маған ұмтылмас әсер қалдырды» - деп МАТТА вице-президенті Мохд Акил Бин Юсуф мырза да өз ойымен бөлісті.

Айта кетерлігі, былтыр қазан айында Алматыда өткен тұңғыш Қазақстан мен Малайзияның Бизнес кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөнінде келісім жасалған болатын. Қазақстан MATTA Fair 2019 көрмесіне қатысуы осы келісімнің шеңберінде іске асты. Бұған дейін, Қазақстан Республикасының Куала-Лумпурдағы елшілігінің ұйымдастыруымен өңірдегі туризмді дамыту мақсатында Түркістан мен Алматы облыстарының делегациясына зор қолдау көрсеткен болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның астанасы қыркүйектің 18-20 аралығынла Азия-Тынық мұхиты аймағының ауқымды туристік көрмесі РАТА TRAVEL MART-2019 халықаралық көрмесі ұйымдастырылады. Көрме аясында, елімізге мыңға тарта делегат, оның ішінде Малайзияның 30-дан астам туристік фирмалары қатысатын болады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер