Түрік Республикасында өтетін сауда-экономикалық миссия
07.02.2019ж.

Түрік Республикасында өтетін сауда-экономикалық миссия

Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жылдан жылға дамып келеді. Кәсіпкерлік қоғамдастық бұрыннан бар байланыстарды нығайтып, сондай-ақ түрлі салаларда жаңа байланыстар орнатуда, деп хабарлайды silteme.kz.

Түркия Республикасы экономикасы дамып келе жатқан ел болғаннан кейін, инфрақұрылым, ауыл шаруашылық және энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту бағытанда үлкен үміт бар. 

Ресми деректерге сәйкес, Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 2017 жылы 1,8 млрд. АҚШ долларын құрады (Қазақстаннан Түркияға экспорт 1,1 млрд. АҚШ доллары, ал импорт-700 млн. АҚШ долл. АҚШ). 2018 жылғы қаңтар-қыркүйект аралығындағы тауар айналымы 1,4 млрд. АҚШ долларды құрады. Қазақстаннан Түркияға экспорт 900 млн. АҚШ доллары, ал импорт-500 млн. АҚШ долл. АҚШ құрды.

Қазақстан экологиялық таза ауылшаруашылық өнімдерін Түркияға экспорттау үшін үлкен әлеуетке ие, өйткені басқа елдерден әкелінетін тауарларға қарағанда баға артықшылықтары бар. Ең алдымен, бұл дәнді-бұршақты дақылдар, дақылдар, ұн және өсімдік майы тауарлары.

Бұдан басқа, келесі салалар экспортты ұлғайту мүмкіндігіне ие: машина жасау, қара металлургия, фармацевтика және химия өнеркәсібі.

 Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, 2019 жылдың 13-14 наурызында екіжақты ынтымақтастықты дамыту аясында, Стамбул қаласында ресми сауда-экономикалық миссия өтеді.

Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстанның сыртқы сауда палатасы, «Атамекен»  Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрымдылық даму министрлігі, Қазақстан Республикасындағы Түрік Республикасының Елшілігі, Түркияның Сауда палаталары мен тауар биржалары одағы (TOBB), Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA), сондай-ақ Түркияның сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі кеңесі (DEIK) болып табылады.

Іс-шараның мақсаты – қазақстандық және түркия кәсіпкерлер арасындағы сауда қатынастарын дамыту, сондай-ақ екі елдер арасындағы іскерлік байланыстарды орнату.

Қазақстанның сыртқы сауда палатасы келесі шығындарды өтейді:

сауда миссиялары өтетін, жабдықталған конференц-залдың жалға алынуы (кофе-брейк және сауда миссиялар өтетін күндердегі түскі ас); сауда миссиясына қазақстандық қатысушылардың тұруы (кәсіпорыннан бір адамнан аспайтын және сауда миссияларының өткізудің ресми мерзімінде ғана); қазақстандық қатысушыларға арналған трансфер.

Өзге шығындарды (Қазақстаннан сауда миссиялары өткізілетін елдерге бару және кері қайту, визалар үшін консулдық алымдар, тәуліктік және т.б.) сауда миссияларының қатысушылары өздері көтереді. 

Стамбул қаласындағы сауда-экономикалық миссиясына қатысу үшін өңделген өнім шығаратын тауар өндірушілері шақырылады. Бұл Түркия кәсіпкерлері үшін де, қазақстандық кәсіпкерлер үшін де жақсы мүмкіндік. 

Қатысуға қызушылық білдірген кәсіпкерлер келесі байланыс деректермен хабараласуына болады: Байболова Әсел, + 7 (7172) 27 90 54 (ішкі нөмері 207), Бекқалиев Ибрагим, + 7 (7172) 27 90 54 (ішкі нөмері 221), i.bekkaliyev@atameken.kz

Сілтеме бойынша тіркелу: https://goo.gl/forms/P5dMtWoL0I9ikHk23

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер