Басып шығару нұсқасы
10.09.2018, 10:53

Еліміздегі орташа күнкөріс деңгейі 29 мың теңгеден асты

Бұл туралы 24.kz порталына сілтемемен silteme.kz хабарлайды.

Бұл өткен жылғы тамыз айымен салыстырғанда шамамен 14%-ға артық. Мамандардың пайымынша, соңғы бес жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш осы. Әзірге өңірлерде деңгей шамасы 25 мың мен 36 мың теңгенің арасында.

Үздік бестікті жіктер болсақ, Астана қаласы көш бастайды. Мұндағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 мың теңге.

Тізімді қорытындылайтын Атырау облысында 29,3 мың теңге. Мамандар әйелдерге қарағанда ерлердің күнкөріс деңгейі жоғарырақ деп отыр. Бірінде 36 мың теңгеден асса, екіншісінде 27 мың теңгені құраған.

Ұқсас сілтемелер