Басып шығару нұсқасы
17.05.2018, 21:27

Кәсіпкерлер Санкт-Петербургқа сауда-экономикалық миссиямен барады

5 маусым күні Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы,  «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бойынша министрлігі Санкт-Петербург сауда-өндіріс палатасымен бірлесе отырып, Санкт-Петербург қаласында ресми сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастырады.     

Іс-шараның негізгі мақсаты ықтимал серіктестерді іздеу, екі өңір ынтымақтастығын арттыру және қазақстандық кәсіпорындар мен ықтимал ресейлік сатып алушылардың  кәсіби қарым-қатынасын дамыту.

Сауда-экономикалық миссия барысында отандық кәсіпорындардың ұсынысы негізінде қазақстандық мекемелер үшін ықтимал сатып алушыларды тарту бойынша жұмыс жүргізіледі.

Айта кету керек, қазақстандық компаниялар тағам өндірісі, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп, электротехникалық құрал-жабдық пен химиялық өнімдер саласында өз мүмкіндіктерін ұсынады. 

Орны: Санкт-Петербург қаласы, Чайковский көшесі 46-48, Санкт-Петербург сауда-өндірістік палатасы ғимараты,  2 қабат

Анықтама: Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы (ҚСП) 2014 жылдың 29 шілдесінде құрылған және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының еншілес компаниясы болып саналады.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының алдына қойылған негізгі міндет – сыртқы экономикалық салада қазақстандық бизнес мүддесі тұрғысынан әрекет ету.

Ұқсас сілтемелер