Бұл рейтинг 29 сәуір мен 10 мамыр аралығындағы қонақ үйлер мен пәтерлерге сауалдар мен тапсырыс беру тізімі бойынша құрастырылған. Бұл туралы Tvil.ru қонақ үй брондау қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
ТМД-ның ең танымал қалаларының рейтингін Минск бастап тұр. Одан кейін екінші орынды Астана, үшінші Баку, төртінші Ереван және бесінші орынды Брест жалғастырады.
Астанада туристер мамыр айының басында орташа есеппен 2,5 түнге қалуды жоспарлаған. Сондай-ақ, олар қонақ үшін тәулігіне 16 мың 600 теңге жұмсауға дайын.
Ал Минскіде ресейлік туристер тәулігі 14 мың 500 теңге, Бакуде – 17 мың 200 теңге, Ереванда – 14 мың 500 теңге, Брестте – 10 мың 420 теңге тұратын қонақ үйлерде тоқтауға қарсы емес.