Басып шығару нұсқасы
19.03.2018, 12:03

200 млн долларға Астанада жаңа ойын-сауық орталығы салынады

Жеке инвесторлар Астанада жаңа ойын-сауық орталығын салу үшін 180-200 млн доллар жұмсайтын болды, деп хабарлайды Елорда инфо

Қалалық құрылыс кеңесінде инвесторлар жаңа ойын-сауық орталығының жобасын таныстырды. Meruert деп аталатын жаңа орталықтың құрылысы үшін инвесторлар Қорғалжын трассасы ауданын 180 гектор жерді сатып алған. 26 мың шаршы метрге құны 40 млн долларды құрайтын Аквапарк салынады. Ал құрылыстың жалпы көлемі 180-200 млн долларға жетеді. Жобаны ұйымдастырушылардың қатарында Mega constraction компаниясы мен еуропалық инвесторлар бар.

Ұқсас сілтемелер