Басып шығару нұсқасы
13.12.2017, 12:32

Агромәселе: Ж.Үшкемпіров неден қорқатынын айтты

Агромәселе: Ж.Үшкемпіров неден қорқатынын айтты Фото: e-history.kz

Олимпиада және әлем чемпионы, спорт ардагері Жақсылық Үшкемпіров «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында бақуат қытай азаматының өзіне келіп, қымбат бағамен бүкіл малын сатып алмақ болғанын айтты, деп хабарлайды silteme.kz.

«Жаздың күні маған бір бақ­уат қытай азаматы келді. Үш­қо­ңырдағы жайлауда үш мың бұ­қам жайылып жүрген. Елден «Кіл қоңды бұқасы бар» деп ес­тіген екен, әлгі кісінің басы айналып кетіпті, бірден: «Бәрін сат, Қы­тай­ға қазір алып кетемін», деп қол­қа­лады. Тірідей салмағы бойын­ша килограмына 3 мың теңгеден төле­мек. Ал керек болса, әжептәуір ақ­­ша! Мен бірден былай дедім: «Көп қиыншылық көрдім, осы үш мың бұқа үшін мен қаншама тер төктім, ең болмаса қызығын кө­ре­йін. Алдымен елімді етпен қам­тамасыз етейін. Сондықтан да сата алмаймын. Бұл ет әрі өте таза. Қазір бұдан басқа 5000 сиыр Бақанастың құмында жайылып жүр». Одан да деп алдым да, оған ұсыныс жасадым, екеуміз кәсіби тұрғыда одақтасайық, мендегі қа­зіргі мал басын 20-30 мыңға дейін жеткізейік. Өз тарапымнан Үкі­меттен тағы да 30 мың гектар жер сұрайын, 50 мың гектарға екеу­міз болашақта санын еселеп кө­бейткен әлгі 20 мың сиыр­ды бірігіп асырайық. Содан соң ғана сіздерге асықпай ет жібере бастаймыз дедім. Ол: «Жоқ, ірі қара малының еті маған қазір керек еді», дей­ді. Тіпті асығыс. Мен: «Жоқ, са­­­та алмаймын», дедім. Менің қа­зір­гі мақсатым, малдың басын кө­бейту екенін түсіндірдім. Ол да,­ мен де бір-бірімізді ұғындық. Әң­гімеміз осы жерден үзілді. Жылы қоштасып, шығарып салдым. Де­­генмен, ойланып қалдым. Әр­ сиырдың тірідей салмағын есеп­­тегенде бір қилограмына 3500 теңгеге дейін беремін дейді, көр­діңіз бе?! Біздегі базар бағасы 1500 теңге, енді осыған қарап саралай беріңіз...» деп әңгімелеген спорт ардагері.

Сондай-ақ, ол экспорт мәселесіне көңіл бөлу керектігін баса айтыпты.

«Экспорт деген бар емес пе, ол қанатын жайса, біздің еліміздің өскендігі, елдің қорына қаражат құйылады. Бірақ, ол үшін біз алдын ала мал басын мейлінше көбей­тіп алуымыз керек қой. Сонда ға­на бәсекелеспен иық тіресіп сөй­ле­се­міз. Біздің Алматы облысында мен сияқты 3000-нан әрі қарай ірі қа­ра мал басын ұстап отырған бес-алты фермер бар. Олар бар малын бір күнде сата салмайды. Ал әр ауылдың әр үйі бір сиыр, көп болса екі сиыр, бұзау ұстайды. Шетелдік әріптесім ерінбей ауыл араласа­ барлығы жиналғанда қолдағы мың­ қаралы сиырды мүйізінен сүй­реп алып кете ме деп қорқамын. Кило­грамына 3,5-5 мың теңге беремін десе, кім шыдап тұрар дейсіз?! Ба­зар бағасын жоғарыда айттым. Мұн­дай жағдайда ауыл адамы кел­ген қалталы қонаққа сиырын ноқтасымен жетектетіп жібереді ғой. Міне, мен содан, халықта – ауыл­да мал қалмай қала ма деп, со­дан қауіптенемін. Бірақ, кейде сол ауылдың өзінен жай күні барып мал сатып ала алмайсың, қазір жұрт­тың бәрі мал басын көбейтуге кіріскен, соның қамын жасап жатыр, ертеңгі күнін ойлайды» деп алаңдаушылығын білдірген ардагер.

Бұдан бөлек, спортшы-кәсіпкер биологиялық препараттар­ ар­қылы мал қоңын лезде көте­ретін тәсілдерге қарсылығын да айрықша атап өткен.

«Жоқ. Біз де адам баласы­мыз­ ғой. Мен ондайға жол бер­мей­мін. Өйткені менің ең бірін­ші жүрек қалауымен алған маман­дығымның өзі зоотехник. Малды күтіп-баптаудың жайын білеміз, қыры мен сырына бала кезден­ қа­нықпыз, ауылда өскеннің артық­шылығы сол. Мемлекет сіз айт­қан ол мәселені қалт жібермей ба­қылауда ұстап отыр, менің өзім Премьер-Министрдің, оның орын­­басарының аграрлық сала бойынша кеңесшісі қызметін атқардым, демек, маған ондай қат­қыл қадағалау жақсы таныс» деп түйіндеген сөзін Ж.Үшкемпіров.

Ұқсас сілтемелер