Басып шығару нұсқасы
07.12.2017, 09:56

Алматыны мерекелік безендіруге қанша теңге бөлінді?

Алматы қаласы мәдениет және архивтер басқармасы жергілікті бюджеттен желтоқсан мерекелеріне қаланы безендіруге 175 миллион теңге бөлді, ал былтыр 215 миллион теңге бөлінген болатын. Бұл туралы Алматы қаласы мәдениет және архивтер басқармасына сілтемемен КТК хабарлады. 

«Алғаш рет тек қана негізгі көшелер ғана емес, сонымен қатар қаланың сегіз аудандарының көшелері, көпірлер, жол айырықтары, жалпы ұзындығы 260 шақырым әшекейлендіріліп, жарықтандырылып, 6 800-ден астам элементтер безендіріледі. 
Бұдан басқа, Жаңа жылды тойлау аясында әр аудан әкімдігі жаңажылдық шырша орнатып, балаларға арналған мерекелік шаралар өткізеді», - деп атап өтті басқарма. 

Айта кетсек, сатып алынған дүниелердің бәрі келешекте де пайдаланылатын болады. 

Жалпы алғанда, Алматы қаласында биыл 20-ға жуық жаңажылдық шырша орнатылады, оның ішінде ҚР Тұңғыш Президентінің саябағы, Республика сарайы, Мемлекеттік академиялық опера және балет театры, «Алматы Аренасы» бар.

Ұқсас сілтемелер