Басып шығару нұсқасы
27.06.2017, 23:13

Б.Смағұл елорда әуе­жайына Елбасы есімінің берілуін өте орынды ше­шім деп атады

Қандай қошеметке де лайық

******************************

Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан ардагерлері» ауымдастығының төрағасы Бақытбек СМАҒҰЛ "Жиырма жылдық белесіне көтеріліп келе жатқан Астана қаласының әуе­жайын «Нұрсұлтан Назарбаев халық­ара­лық әуежайы» деп атау өте орынды ше­шім" деп атады. Бұл туралы ол egemen.kz порталына берген пікірінде айтқан.

"Шындығы сол, Нұрсұлтан Назар­ба­ев­тың есімі «жарқын болашақтың символы» болып табылады. Біз, Қазақстан халқы Елбасымыздың көшбасшылығымен Кеңес Одағының үйіндісінің орнында жаңа, заманауи мемлекет тұрғыздық. Оның ажарлы астанасын салдық. Біз сонымен бір уақытта, бол­­мыс-менталитетімізді, психологиямызды да түбегейлі өзге­р­- тіп, өз елімізде өзімізді қожайындарша ұстауға, бар шаруаны иесіндей ұқсатуға үйрендік. Елбасы бізді Мәңгілік Ел болу, «дамыған елдер қатарына қо­сылу» секілді ұлы мақсат-мұраттар жолында жұмылдырды. Де­мек, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімі мен ең­бегі қандай қошеметке де лайық. Айтқандай, әуежайға Ел­басы атының берілуінің бір нышандық мәні бар: бұл «әуе қақ­пасынан» ұшақтар биіктерге самғай көтеріледі. Тәу­елсіздіктің ширек ғасырдан астам уақыты ішінде Елбасы Қазақстанды әрдайым жоғары деңгейге көтеріп келеді. Ал біз­ден – Қазақстан халқынан заңғар биіктен қорықпай, жа­ңа жағдайларға бой үйрету талап етіледі. Себебі, асқар шың­дар­дан жаңа көкжиектер ашылады", - дейді қайраткер.

Айта кетейік, Астана халықаралық әуежайының атауы "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" болып өзгертілді. Қазақстан Үкіметінің бұл туралы тиісті Қаулысы ширек уақыт бұрын БАҚ-та ресми жарияланған болатын.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

 

2017 жылғы 20 маусым №381 Астана, Үкімет үйі

Астана халықаралық әуежайын қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темір жол вокзалдарына, темір жол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1.  Астана халықаралық әуежайы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» болып қайта аталсын.

2.  Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 




 

Ұқсас сілтемелер