Басып шығару нұсқасы
24.01.2017, 17:05

ҚР ИДМ энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласына стратегиялық инвестор тарту жұмыстарын жүргізуде

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ және «Кавасаки Хэви Индастриз ЛТД» өкілдері арасында жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуде Қазақстан Республикасында энергосервистік қызмет нарығын дамыту бойынша стратегиялық ынтымақтастық пен өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін кеңейтуге байланысты энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі серіктестік мәселелері талқыланды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу аясында «Кавасаки Хэви индастриз ЛТД»-ны стратегиялық инвестор ретінде Қазақстанға тарту мақсатында Меморандум бекіту келісіміне қол жеткізілді.

Екі жақты ынтымақтастық аясында жапондық инвестицияларды тарта отырып, энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыруға бағытталған пилоттық жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Ұқсас сілтемелер