Дайындалып жатқан нормативтік құқықтық актілер туралы халыққа алдын ала ақпарат беру, жобаларды дайындау үдерісіне қатыстыру және максималды ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылға арналған нормативтік құқықтық актілерді дайындау жоспары ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 878 бұйрығы бекітілді.
Жоспар бойынша реттелетін салаларда заңнаманы жетілдіруге бағытталған 14 Заң және 150-ден астам заңға тәуелді актілерді әзірлеу көзделген.
Әзірленетін жобаларды жария талқылау және қоғамдық пікір қалыптастыру нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында қамтамасыз етіледі.