Басып шығару нұсқасы
21.12.2016, 12:48

Шымкент әкімдігі шыршаға кететін қаржыны 800-ден аса жетім балаға бөліп берді

Жаңа жылдың басты символын орнату мен шаһарды безендіруге биыл да қазынадан бір тиын да қарастырылмаған, деп хабарлайды muslim.kz.

Қала әкімдігі ол қаржыны әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан және жетім балаларға үлестіріп берді.

Биыл жергілікті билік бұл қайырымдылық шарасында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыдан шыққан және жетім 804 балаға қаржылай сыйлық үлестірді.

Олардың әрқайсысына 20 айлық-есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 42 мың теңгеден аударылды.

Ұқсас сілтемелер