Басып шығару нұсқасы
10.05.2017, 19:00

Дүниежүзілік тау-кен конгресі аясында Mines&Money инвестициялық саммиті өтеді

2017 жылдың сәуір айының соңында Mines&Money Лондон штаб пәтерінде 25-ші Дүниежүзілік Тау-кен Конгресі (ДТК) аясында инвестициялық конференция өткізу туралы келісімге қол қойылды. Бұл конгресс 2018 жылдың 19-22 маусымы күндері Астанада «AstanaMining&Metallurgy» конгресі базасында өтеді.

Меморандумға сәйкес, ДТК 2018 бағдарламасында «Mines&Money» тау-кен өндіру өнеркәсібі инвестициясы бойынша Еуропадағы конференция бар. Ол алдағы уақытта Қазақстан Республикасының тау-кен металлургиялық кешеніне 300-ден астам инвестор тартуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның ТМК-нің инвестициялық тартымдылығын арттыру елдің саяси бағытындағы басым мәселелердің бірі болып табылады және саланың операциялық қызметіндегі түбегейлі өзгерістердің туындауымен байланысты.

Атап айтқанда, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекстің қабылдануы аясында геологиялық ақпараттарды ашатын жоғары технологиялы платформа құрау керек және Қазақстанның батысавстралиялық моделге көшуі үшін инвестициялық жер қыртысын нығайту қажет.

«Өнеркәсіптік 4.0» төртінші индустриялық революцияны жандандырудағы үлкен бәсеке маңызды фактор болып табылады. Аталмыш бастама компаниялардың өндірісті цифрландыру деңгейін жоғарлатуды және инвестициялық бағдарламаға айтарлықтай өзгеріс  енгізуді қарастырады. Арнайы жүлде тігілген. Ол: шығындарды қысқартып, елеулі табыс көзін ұлғайту перспективасы.

2017 жылдың 6-7 сәуірінде Венада Дүниежүзілік Тау-кен Конгресінің халықаралық ұйымдастыру комитетінің  97-ші отырысы өтті. Онда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, Дүниежүзілік тау-кен конгресі Халықаралық ұйымдастыру комитетінің мүшесі Қанат Баитов Астанада өтетін 25-ші Дүниежүзілік Тау-кен Конгресіне дайындық жөнінде есеп берді.Венадағы отырыста түрлі тақырыптарды және тау-кен металлургиялық кешеннің барлық байланыстарын қамтитын ДТК-ін өткізудің кеңейтілген бағдарламасы таныстырылды. Онда геологиялық барлау мен өндіруден бастап, байытуға дейінгі, бағалау тәуекелдерінен бастап халықаралық қаржыландыруды тартқанға дейінгі аралық қамтылады. Бағдарламада өнеркәсіптің барлық базалық салаларын жаңғыртуға, Индустрия 4.0 бағдарларамасының элементтерін енгізуге және әлемдік Тау-кен металлургиялық кешенінде оны үздік тәжірибемен қолдану мәселелеріне айрықша басымдық берілді.

Ұқсас сілтемелер