Басып шығару нұсқасы
07.02.2017, 16:24

ҚАЗАҚСТАНДА ЭКСПОРТ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ

Өнімдерді сыртқы нарыққа шағыру үшін ақпан айында Үкімет жанынан экспорт жөніндегі Ұлттық кеңес және «КазЭкспортГарант» АҚ базасында мамандандырылған «KAZAKH EXPORT» компаниясы құрылатын болады.

Аталмыш компания шикізат емес экспортты қаржылық-сақтандыру мен ілгерілету жөніндегі біріңғай орталық ретінде жұмыс істейтін болады. Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Үкіметінің отырысында мәлімдеді.

«Инвестиция тарту жөніндегі жұмыстарды қайта форматтау аясында бірінші жартыжылдықта инвестиция тарту бойынша ұлттық стратегия әзірленеді (Дүниежүзілік Банктің қатысуымен). Ақпан айында «KaznexInvest» АҚ базасында инвестияция жөніндегі «КазахИнвест» ұлттық компаниясы құрылады», деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Бұдан тыс, министрлік Қытай, Ресей, Иран, Франция мен Жапония, Оңтүстік Корея мен Польша, Италия мен АҚШ сияқты елдермен бірлескен инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруды жалғастырады.   

АЭА қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында ақпан айында оларды алдағы уақытта дамытудың ұсыныстары және АЭА-тың әрқайсысын дамыту тұжырымдамасы әзірленеді. 

Ұқсас сілтемелер