Кәсіпкер болу не үшін керек?
23.07.2019ж.

Кәсіпкер болу не үшін керек?

 

«Басқадан кем болмас үшін, біз білімді, бай һәм болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек , бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек.

 Осы керектің жолыңда жұмыс істеу керек» деп Ахмет Байтұрсынов атамыз айтқандай қазіргі таңда кәсіпкерлік деген ұғым өте кең ауқымды құрап, ерекше  орын алып отыр деп айтсақ болады. Неге?  Себебі, адам ең бірінші жақсы өмірді қалайды. Өзгеден кем болмай, қиналмай,емін- еркін өмір сүруді қалайды. Дегенмен осы кәсіпкер дегеніміз қоғамда болсын, мемлекетте болсын маңызды рөл ойнап тұр. Елдің экономикасының көтерілуі жұмыссыздықтың болмауы тікелей кәсіпкерлікке байланысты деп айтсақ болады. Сол үшін де соңғы жылдары мемлекет тарапынан әр түрлі қолдау мен жеңілдіктер  ұсынылып  жатыр. Шағын және орта бизнес жобасы , тікелей мемлекет тарапынан қолдау жүргізіліп келеді.Бұл орайда өз бизнесін бастаймын дегендерге  бағыт - бағдар беріліп, пайызы аз мөлшерде несиеде қарастырылған. Әрине бұл мемлекет тарапынан. Енді бізде мемлекетімізде көп жылдық тәжірибесі бар, өз саласының қаһармандары атанған кәсіпкерлер  деп айтсақта  артық етпейтін тұлғалар бар. Ауыр еңбек пен төгілген тердің нәтижесі көпке де пайдасын берді. Себебі, біріншіден мемлекетке салық төлей отырып, екіншіден қарамағына жұмыскер алады. Бұл  тікелей мемлекеттің экономикасының өсуіне алып келеді. Әрине бизнеспен айналыса  жүріп, білімді де қатар ұстаған жандар. Әсіресе қазіргі таңда Алматы қаласында бизнес саласында білім мен тәжірибелерін бөлісіп, қаншама адамның өз кәсібіп ашып, өмірін өзгертем деушілерге септігін тигізіп жүрген кәсіпкерлер мен бизнес тренер,ұстаздарымыз бар.  Атап айтсақ: «Екінші болма» кітабының авторы, «Shonbayonline» үздіксіз даму мектебінің негізін қалаушы – Қуаныш Шонбай. Одан кейін, белгілі кәсіпкер, «Бизнес бастау» кәсіпкерлік мектебінің жетекшісі, негізін қалаушы - Ахметбек Нұрсила. Сондай-ақ бизнесмен, бизнесті дамыту бойынша төрт кітаптың авторы, мотиватор -Аманжол Рысмендиев . Қазақтың бизнес саласының көтерілуіне және сол жолда азаматтарды дайындауда ат салысып, өзіндік ерекшелікпен  қалыптасқан тұлғалар. Әрине бұлардың барлығы қазақ тілді аудиторияның нағыз майталмандары.
   Қазақтың бизнесте осал болмай, өз күшіміздің мықты екенін көрсететін кезі келді. Америкалық атақтық бизнесмен Брайан Трейсидің атқанындай: «Ешкімде сізден  ақылды , мықты емес, тек олар сізден баюдың жолын ертерек бастаған» деп. Сол сияқты Қазақтың мықтылығында , ұшқыр ойлы екендігінде ешкімнің күмәні келмес. Енді «Бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығарып» бірігіп, алдынғы елдер қатарына тезірек қосылып, өзіміздің бар  мүмкіншілігіміз  бен артықшылығымызды көрсете білуіміз керек.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер