Басып шығару нұсқасы
02.01.2018, 10:06

Ит жылы туылғандар неге бейім?

Бақытжан Әбдірашұлы Бақытжан Әбдірашұлы Фото: falcation.org

Жұлдызшылардың жорамалына қарағанда, ит жылы туғандар әділдікті жаны сүйеді, өзінің құқығы үшін күресуге бар күшін сарп етеді. Оны байлық көп қызықтыра бермейді. Бірақ қаржы қатты қажет болып бара жатса, оны жерден қазса да табады. Басқаларға мін тағып, сын айтуға бейім. Жасына жас қосыла келе ол мінезі біртіндеп басылады. Бұл жылы дүниеге келгендердің арасында мұғалімдер мен бизнесмендер көптеп кездеседі, деп жазады "Рейтинг" газетіне сілтемемен silteme.kz АА.

Осыдан 5 ғасыр бұрын белгілі емші ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы өзінің «Шипагерлік баян» кітабында ит жылын «айтақ» деп атап, бұл жылы туғандарды:

- Өсекші, шімірікпес сазбет, арсылдаған сойқаншыл, көкбет, шарнауыл, шалдауыр, шаңқылдап елге, қаңқылдап үйге маза бермейтін, дос-дұшпанын долылығы ұстаса айырмайтын, аямайтын, долылығы ұстамаса жайдары, әйбат әзіл, әдемі қалжыңы бар, әйткенмен, шымбайына тисе кешіру ойына кіріп шықпай беттен алатын, аузынан ақ айтақ шығып, көк айтақ кіріп ойнақ салатын болғыштығы ерекше көз көргілік. Бірақ қастандығы аз, достандығы көп, сырын білмегендер де, білгендер де оңай-оспақ сүйкене алмайтын, батырып жібергендерден өш алмай қоймағыш, ала алмаса өлгенде ойында кеткіш, қасиетін біліп, ардақтағандарға ақпейіл, соның жолында мүрдем кетуге әзіршілдер аудандамақ,-деп суреттепті

Ит өзінің иесіне адал қызмет ететін хайуан. Ол сонымен бірге өте сақ. Алайда «иттерге» тән бір кемшілік-олар өзгелермен тіл табыса бермейді. Себебі ит жылғылар өзінің ойын жақсы жеткізе алмайды. Сондықтан да олар сырт көзге қырсық, тік мінезді болып көрінеді. Ит жылы туғандар тыныштықты жақсы көреді. Олар өзгелерге көмектесуге әзір тұрады, бірақ сатқындықты, өзін алдап кеткендерді кешірмейді.

Жұлдызшылар ит жылында қол қусырып қарап отырмай, еңбек еткендер үшін қаржылық тұрғыдан табысты болады дейді.  Сондай-ақ қарызыңыз болса, Жаңа жылға дейін құтылып және келер жылы қарыз алмауға кеңес береді.

Ұқсас сілтемелер