Басып шығару нұсқасы
16.12.2017, 13:15

Елбасы Тәуелсіздік күнімен құттықтауында елімізде 1,2 миллионнан астам кәсіпкердің барлығын айтты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдауда жиынға қатысушыларды және Қазақстан халқын ұлттық мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы akorda.kz хабарлайды.

– Бұл күні уақыт өлшеміне бағына қоймайтын мақтаныш, қуаныш пен толқыныс өзара үйлесім тауып, ерекше сезімге бөлейді, – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жылдам өсуге қол жеткізіп қана қоймай, алдағы уақытта орнықты даму үшін берік негіз қалағанын айтты.

– Бұған дейін тарихымызда болмаған кәсіпкерлер шоғыры қалыптасты. 1,2 миллионнан астам қазақстандық өзінің жеке кәсібін жүргізіп, барлық ұлттық кірістің төрттен бірін қамтамасыз етіп отыр, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Ұқсас сілтемелер