Басып шығару нұсқасы
20.02.2017, 18:20

Инновация бағытындағы тың идеяларға қолдау ретінде грант үлестіріледі

Бизнесін жаңадан бастап жатқандарға жағымды жаңалық. 3 млн теңге көлемінде грант алуға инновациялық бағытта стартап жобалары бар азаматтардың мүмкіндігі бар, деп хабарлайды BAQ kz .

 «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында Алматы қаласының әкімдігі мен «Даму» қоры бірлесе отырып, технология мен инновация бағытындағы тың идеяларға қолдау ретінде грант үлестіреді. Қапы қалмау үшін наурыздың 20-на дейін Алматы қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына қажетті құжатты өткізу керек. Ақпаратты да осы басқармаға байланысу арқылы алуға болады.

«Келесі айдың 1-нен - 18-іне дейін құжаттарды біздің әкімшілікке тапсыруға болады. Құжаттардың барлығын тапсырғаннан кейін сіздерді конкурстық комиссияға шақырады. Жоспарларыңызды қорғап, егер де жағымды баға алып шықсаңыздар, онда «Даму» қоры үшжақты келісім-шартқа қол қояды. Содан кейін қаражаттарыңызды ала аласыздар», - деді Алматы қаласы бойынша "Даму" қоры филиалының бас менеджері Зарина КАРМЕНОВА.

Алматы