Басып шығару нұсқасы
07.11.2019, 18:28

Бухгалтерлердің біліктілігін арттыратын игі қадам

Бүгін С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да «Қазіргі заманғы бухгалтер мамандығы: талаптар мен трендтер» атты конференция болып өтті.

Жыл сайынғы кәсіби бухгалтерлердің конференциясын осы жолы ҚазАТУ мен бірге Кәсіби бухгалтерлер лигасы, «KAINAR» жоғары кәсіби білім беру мектебі ұйымдастырды. Бұл Конференцияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі толықтай қолдап отыр.

Конференцияға 70-тен астам Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтерлері, университеттің әр жылдардағы түлектері, халықаралық сарапшылар, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Қаржы академиясының экономика факультетінің оқытушылары қатысты.

Алғашқы сөзді «Кәсіби бухгалтерлер Лигасы» БКҰ Басқармасының Төрағасы Венера Алиева, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ дың басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов және «KAINAR» кәсіби дайындықтың жоғары мектебінің» директоры Гүлнар Бекенова бастады. Олар бүгінгі бухалтерлік біліктіліктің маңыздылығы мен қоғамның барлық саласындағы орыны туралы біршама тың мағлұматтарымен бөлісті. Атап айтар болсақ Қайрат Айтуғанов өз сөзінде «Маман даярлап шығару маңызды шаруа. Бірақ сол маманның ертең қоғам үшін маңыздылығы бізді толғандыруы тиіс. Ертең біз өзімізден шыққан мамандардың біліктілігін арттырып отыруды қолға алуымыз керек. Себебі заман тез өзгеріп жатыр. Бүгінгі мамандарды ертең міндетті түрде қайта даярлап үнемі біліктілігін арттыруды ұмытпаған абзал. Ол үшін сапалы білім ордалары тынбай қызмет жасау керек» деді.

Конференцияда бухгалтерлік кәсіптің болашағы мен халықаралық тенденциясы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы әкімшілік жауапкершілік, басқарушылық шешімдер қабылдау мәселелері және ҚазАТУ-да бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы мамандарды даярлаудың өзекті мәселелері талқыланды.

Шара соңында кәсіби бухгалтерлерлерге арнайы сертификаттар табысталды.

Ұқсас сілтемелер