Басып шығару нұсқасы
05.05.2018, 09:10

Елбасы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалары, сондай-ақ жоғары деңгейдегі уағдаластықтардың іске асырылу барысы жөнінде әңгімелесті. Осыған байланысты тараптар 2017 жылы екіжақты сауда-саттық көлемінің 31 пайызға артып, биылғы бірінші тоқсанда бұл көрсеткіштің оң қарқыны сақталып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ екі ел көшбасшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырды.

Ұқсас сілтемелер