“Сайран” автобекеті тарихи ескерткіштердің тізіміне енбек
18.04.2018ж.

“Сайран” автобекеті тарихи ескерткіштердің тізіміне енбек

Бауыржан Байбек "Сайран" автовокзалының ғимаратын жөндеуді және оны жергілікті маңызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне енгізуді тапсырды.

Сайран

Алматы әкімі Бауыржан Байбек күнделікті жұмыс сапары барысында халықаралық “Сайран” автовокзалы мен “Саяхат” автобекетін аралады.

Әкім “Сайран” автовокзалының көптен бері халықаралық деңгейге сай еместігін, сондықтан қайта жөндеп, менеджмент моделін қарастыру қажеттігін атап өтті.

Бауыржан Байбек күн сайынғы жолаушы легі 1200 адамды құрайтын автовокзал айналасын ретке келтіруді және оның ғимаратын жөндеуді тапсырды.

Сондай-ақ, заңнамаға сәйкес нысанды жергілікті маңызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне енгізу мәселесі қарастырылады.

“Өткен жылы басталған қаланы қайта жаңғырту аясында біз Алматыға бұрынғы тарихи келбетін қайтарудамыз. Ең алдымен, нысандарды алғашқы бейнелерін сақтау қажет. Сарапшыларды тарта отырып, жолаушылар легінің логистикасын толық қайта қараған жөн. Яғни біз тарихи нысанды қалпына келтіріп, вокзалдың барша қызметін жаңаша жүргізіп, оны қаланың көлік хабына айналдырамыз”, – деді Бауыржан Байбек.

Қазіргі кезде автовокзал айналасында заңсыз салынған құрылыстар алынуда. Автовокзал айналасында бұрындары саудамен айналысқан кәсікерлерге ауданның сауда орындары мен базарларынанн жеңілдетілген орындар ұсынылады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер