Елімізде жүргізушінің есімі жазылған автонөмірлер пайда болуы мүмкін бе?
04.01.2018ж.

Елімізде жүргізушінің есімі жазылған автонөмірлер пайда болуы мүмкін бе?

Досжан Маратұлы Досжан Маратұлы Фото: 777nomer.ru

КТК арнасының тікелей эфирінде осы сауалға жауап ізделді, деп хабарлайды silteme.kz AA.

Ақпарат көзінің дерегінше, негізінен көлік иесінің есімі жазылған нөмірлер шетелде кеңінен қолданылады. Мәселен, Біріккен араб әмірліктерінде осылай көрінеді. Мұнда қалталы шейхтар вип-нөмір үшін жарты миллион долларға дейін төлейді екен. Ағылшындар да нөмірге есімін жазу үшін ақшасын аямайды-мыс. Мұнда осындай қызмет құны 10 миллион долларға дейін жеткен. Ал, елімізде әзірге сан нөмірлер ғана сатылады.

Мәселен, 001-ден  009-ға дейін және 777 деген нөмір жарты миллион теңге тұрады. Әрі қосымша ақыға қасына қалаған әріптерді қосып алуға болады.

Ал, егер машина иесіне есімін жазуға рұқсат берілсе, мынадай сандар болмайды. Яғни, жүргізушінің аты мен көлік тіркелген аймақтың нөмірі жазылмақ. Бірақ, арна тілшісінің пайымынша, бұл әзірге ұсыныс қана. Оның қабылдануы үшін әлі талай талқылаулар болады. Сондықтан ереженің жақында ене қоюы екіталай. 

Осыған қарамастан, мамандар көлік нөміріне жүргізуші есімін жазу туралы ұсыныс жасаудан талмай келеді. Бірақ, әркез қандай-да бір себептермен бұл қолдау таппаған. Сондықтан басым көпшілігі мұндай ережені баяғыда енгізу керек еді деген пікірде екен.

Айталық, Тәуелсіз автомобилистер одағының төрағасы Эдуард Эдоков арнаға берген сұхбатында: "Қазіргі заманауи камералар кез-келген әріп, сан болсын барлығын анықтай алады. Сондықтан машинаға адам есімін беруге болады деп ойлаймын. Бұл жерде ешқандай техникалық кедергі жоқ" деп атап өткен.

Сіз қалай ойлайсыз, елімізге жүргізушінің есімі жазылған автонөмірлер керек пе?

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер