Қазақ

Показать содержимое по тегу: Қазақ

Ресейлік журналист, ақын, киносыншы Дмитрий Быков Қазақстанда дәріс өткізбек, деп NUR.KZ сайтына сілтеме жасай отырып silteme.kz хабарлайды.

Опубликовано в Әлеумет

Танымал амеркиалық саяхатшы, фотограф әрі блогер Сьюзан Портной қазақтың бауырсағына ғашық болып қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы theinsatiabletraveler.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Опубликовано в MediaTek

О, тоба! «Чекті сиктиңыз!». Тура солай жазылып тұр! Centercredit банк — қазақты әбден басынған банк екен дегеннен басқа сөз түспейді ауызға. Иә, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында Centercredit банк Қазақстанға үлкен «сый» жасады. Бұл банк басқаны қойып, қазақ тілін аяусыз масқаралап жүр екен.

Facebook қолданушыларының ашу-ызасын туғызып, желіде таралып жатқан банктің мына бір чегі кеше ғана алынған. Онда берілген уақыты деген жерде 24.08.2016 деп тұр. Демек, қателесіп тұрған жоқпыз, бүгін — 25-тамыз, чектің алынғанына бір-ақ күн болған.

Сонда дейміз-ау, Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері бұл банк осындай масқара чекпен Қазақстан тұтынушыларын қорлап-масқаралап келген бе?

Тіпті, банк Қазақстан нарығына бертінде — 2000 жылдары келді десек-тағы, әйтеуір қандай нарыққа келгенін нақ білетін білдей банк неге мемлекеттік тілге бұлайша жүрдім-бардым қарайды?

Нақтырақ айтқанда, қаржылық әлеуеті шектеулі шағын бір фирма болса жарайды, түрлі деңгейде менеджер, маркетингтік маманы сынды жандайшаптары бар білдей банктің тіл мәселесіне сорақылық жіберіп қойып, қарап отырғаны қалай?

Жарнамасына қарасаңыз, «банк дәстүрлі құндылықтарды қастерлейді» дейді.

Ал өзі қызмет етіп отырған елдің дәстүрлі тілін қастерлеудің орнына, оны қорлап, өз саясатын өздері жоққа шығарып, масқара болып жатқандарында шатақ жоқ секілді.

Рахметтің орнына Шихметті, Өтінеміз дегеннің орнына Өтішеміз дегенді көрсетіп, барша әлеуеттің басын қатырып қойғаны. Бұл өзі қай тілде?

Өзге тіл деп өзімізді алдауратайық десек, тіптен келмейді. Бізде заң бойынша қызмет көрсету қолданысында үш тілге ғана жол беріледі: қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын.

Демек, бұлай өз-өзімізді алдамай-ақ қоялық.

Бұл — банктің ашықтан-ашық қазақтарды қорлағаны, өзі жұмыс істеп, ақша тауып отырған мемлекеттің ана тілін аяқ-асты етіп, бетіне түкіргені.

Ендеше қоғамда үлкен дау туғызып, көптің құқығын таптап, ар-ожданына тиген бұл мәселенің құзырлы орындар анық-қанығын біліп, банкті жауапқа тартады деп сенеміз. Ал банк өз тарапынан бұл мәселеге қатысты БАҚ арқылы жауап беруі керек деп есептейміз.

Камшат Сатиева

© 365info.kz

Опубликовано в Тіл

Instagram әлеуметтік желісінің қолданушылары қазақтың ұлттық киімімен ағылшынша рэп айтып, би билеген үш қызды сынның астына алды. Болжам бойынша, Астанада түсірілген бұл видеоны таяуда dudoser деген қолданушы жария еткен, деп жазады Baq.kz.

Опубликовано в MediaTek

Ата-бабамыздан қалған салт-дәстүр мен ырым-тыйымдардың қай-қайсысын алып қарасақ та айтар ойы салмақты, мағынасы терең, даналық пен көрегендіктің асқан үлгісін байқауға болады. Ерте кезде қазақ халқы көшпенді тұрмыста өмір сүрсе де әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді отбасылық тәрбиемен ұштастыра отырып, жүйелі түрде әрбір дәстүрімізге ерекше мән беріп, ықыласпен орындайтын болған. Ал бүгінде ата-бабамыздан қалған кейбір дәcтүрлер мен жоралғылар заман ағымына ілесе алмай, тіпті халық арасында қолданыстан шығып жатқандары қаншама?! Сондай елеусіз қалған дәстүрдің бірі – қамшы ілу.

Қамшы – қазақтың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінде өзіндік алар орны бар қасиетті құралдың бірі. Қарапайым тұрмыста қамшыға байланысты жиі қолданылатын сөз тіркестері де соның дәлелі іспеттес. Мәселен, қамшы тастау (яғни, сөз сұрау), қамшы болды (жақсы мағынасында, әсер етті, себеп болды) деген сөздер жиі кездеседі. Сонымен қатар, өмірдің өзін «қамшының сабындай қысқа» деген тіркеспен дөп басып теңей білген. Мұның барлығы халқымыздың қамшыға деген құрметін білдірсе керек.

Қамшы ілу дәстүрі – құдалық, құда түсу жолында жасалатын таза қазақи ұғымды көрсететін жоралғылардың бірі. Бұл дәстүрдің негізгі орындалу тәртібі төмендегіше. Ұлына қалыңдық іздеген кісі ауылдың ақсақалы мен азаматтарына және өз туыс-туғандарына жолығып, шаруасын байыпты баяндайды. Бұл ойына жанашыр кісілер ақыл қосып, «пәлен жерде осындай жақсы адам бар және оның бойжетіп отырған қызы бар» екендігін жеткізеді. Осыдан кейін үйленгелі жүрген жігіттің әкесі ғұрыпқа сай өзінің жақын ағайынын, беделді адамдарын ертіп, жаңағы елден естіген болашақ құдаларының үйіне барады. Қонақ келсе құдайындай күтетін қазақ халқы бұл ретте де өзінің қонақжайлығын көрсетіп, келген кісілерге қонақасын береді. Ас үстінде түрлі әңгіме айтылып, шыққан тегі мен ата-бабасы да сөз болады. Ас ішіліп, қайтуға жиналған жігіттің әкесі үйден шығарда киіз үйдің кереге басына өзінің қамшысын іліп кетеді. Мұнысы сол үйдің қызына құда түссек деген тілегін білдіреді. Қамшыны көрген қыздың әкесі келген кісілердің аты-жөнін, ата-тегін білгеннен кейін, оларға тиісті жауабын беруі керек. Әрине ол үшін асығудың да қажеті жоқ. Себебі ілінген қамшының уақыты бір жылға дейін созылады. Осы уақыттың ішінде қыз бен жігіттің әңгімесі жарасып, бір-бірімен сөз байласса жігіт жағы қызды айттырып келеді. Қамшы да сол үйде қалады. Ал егер қыз бұдан бұрын басқа біреуге айттырылып қойған болса немесе әкесі қызын қамшы ілген кісілерге бергісі келмесе онда қамшы иесіне қайтарылады. Бұл үшін жігіттің әкесі ренжімеуі тиіс. Себебі ата-бабамыздан қалған дәстүр осылай қалыптасқан.

Қамшы ілу дәстүрінің түп-төркініне назар аударар болсақ, қазақ халқы қашан да құдаларының текті, ауқатты әулеттен болғанын қалаған. Сол үшін қамшы ілуге бармас бұрын ағайын-туыс пен ауылдастарының кеңесіне құлақ асқанды дұрыс көрген. Ал әрбір істің астарынан мән-мағына іздейтін халқымыз үшін осынау тілектің төркіні бір ғана қамшыда жасырылғандығы асқан көрегендіктің белгісі емес пе?!

З. ТӘЖІБЕКҚЫЗЫ 

Дерек көзі: ozgepikir.kz

Опубликовано в Нетократия
Страница 13 из 13

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер