Басып шығару нұсқасы
30.01.2018, 12:23

Галина Вишневская: Біз таза спортты қолдаймыз

Биатлоннан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ұлттық құрама мүшесі, жасөсіпірімдер арасында әлем чемпионы, Азия біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы Галина Вишневская prosports.kz тілшісіне сұхбат беріп, жоспарымен бөлісті.

- Көптен күткен Олимпиада ойындарына қызу дайындық үстіндеміз. Италияда болған келеңсіз жағдай болмаса, жаттығу жиындары әдеттегідей өтуде. Полицейлер келіп біздің құрама орналасқан мекенжайды тінтіді. Барлығы тез аяқталды. Себебі іздеуден соң италиялық полицейлер ешқандай тыйым салынған препарат тапқан жоқ. Біз таза спортты қолдаймыз. Өкініштісі, бұл жағдай жарыс алдында жүйкемізді тоздырды. Пхенчхандағы жарыс жолы өте қиын, физикалық тұрғыда көбірек жұмыс істейтін жерлері көп. Біздің спортта ауа райы рөл ойнайды. Ол жерде күн құбылмалы. Бұған дейін сулы қар жауып, шалшықта жүгіргендей болдық. Осы жолы барлығын ескеріп, құрал-жабдықтарды алып кетпекшіміз.

Ұқсас сілтемелер